+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › МАРАПАТ ТӨРІНДЕ – МӘРТЕБЕЛІ МҰҒАЛІМДЕР
Новости территориальных организаций 05 октября 2025

МАРАПАТ ТӨРІНДЕ – МӘРТЕБЕЛІ МҰҒАЛІМДЕР

МАРАПАТ ТӨРІНДЕ – МӘРТЕБЕЛІ МҰҒАЛІМДЕР

МАРАПАТ ТӨРІНДЕ – МӘРТЕБЕЛІ МҰҒАЛІМДЕР Ақтөбедегі Өнер орталығында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты шара өтті. Бұл мерекелік жиын қоғамда ұстаздардың мәртебесін көтеру, олардың еңбегіне құрмет көрсету және жас ұрпақ тәрбиесіндегі үлесін…

МАРАПАТ ТӨРІНДЕ – МӘРТЕБЕЛІ МҰҒАЛІМДЕР

🎼 Ақтөбедегі Өнер орталығында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты шара өтті. Бұл мерекелік жиын қоғамда ұстаздардың мәртебесін көтеру, олардың еңбегіне құрмет көрсету және жас ұрпақ тәрбиесіндегі үлесін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

⭐️Шара театрландырылған көрініспен ашылып, сахна төрінде ұстазға деген құрмет пен шәкірттің алғысы көрініс тапты. Көріністен кейін сөз алған Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров педагогтарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғам дамуына қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.

✨Салтанатты жиын барысында білім беру саласының ардагерлері мен үздік педагогтарға мемлекеттік және ведомстволық марапаттар табыс етілді. Олардың қатарында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісі, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі және «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі бар. Сонымен қатар, бірқатар ұстаздарға «Ақтөбе облысының үздік педагогы» мен «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» атақтары берілді.

🧩Бұл марапаттар – ұстаздардың ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбегіне берілген құрметтің бір көрінісі.

🎼Шара барысында облыстың өнер ұжымдары мен дарынды оқушылары сахнаға шығып, ұстаздарға арнаған әндері мен билерін тарту етті. Жас өнерпаздардың өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, кештің шырайын ашты. Мерекеге арнайы шақырылған танымал әнші Қуандық Рахым да сахнаға шығып, ұстаздарға жүрекжарды әнін арнап, көрермендерден зор қошеметке ие болды.

📎«Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты бұл шара Ақтөбе жұртшылығына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

МАРАПАТ ТӨРІНДЕ – МӘРТЕБЕЛІ МҰҒАЛІМДЕР
МАРАПАТ ТӨРІНДЕ – МӘРТЕБЕЛІ МҰҒАЛІМДЕР
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности