Әсел Филатова сабақ барысында дене дайындығына, қимылдың дәлдігіне, музыканы сезінуге және сахна мәдениетіне мән береді. Әр шәкірттің өзіне деген сенімін қалыптастыру да — оның жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі. Өнер магистрі ретінде академиялық білімін қазіргі би бағыттарымен ұштастырып, сабақ беру тәсілдерін заман талабына сай дамытады. Оның сабақтарында кәсіби талап пен шығармашылық ізденіс қатар жүреді.
Ұстаз еңбегінің нәтижесі шәкірттерінің жетістіктерінен көрінеді. Оның жетекшілігіндегі хореографиялық ұжым облыстық және халықаралық байқаулар мен фестивальдерге қатысып, жүлделі орындар мен бас жүлделерге ие болып жүр. Әр нәтиженің артында ұзақ дайындық, талап пен күнделікті еңбек жатыр.
Әсел Филатова үшін хореографияның мәні сахнадағы әдемі қимылмен шектелмейді. Би арқылы бала музыканы сезінуді, өз денесін еркін меңгеруді, топпен жұмыс істеуді және жауапкершілікті үйренеді. Сондықтан ол әр жаттығуды шәкірттің өнердегі ғана емес, тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызды қадам деп қабылдайды.
Бүгінде Әсел Маратқызы өз тәжірибесін жас бишілердің дамуына арнап, заманауи хореографияны кәсіби деңгейде оқытып келеді. Ол үшін ұстаздық би үйрету ғана емес, өнер арқылы баланың бойындағы сенім мен талпынысты ояту. Ал, шәкіртінің сахнаға нық қадам басып, өз өнерін еркін жеткізе білуі — ұстаз үшін ең үлкен жетістік.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
