+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 05 октября 2025

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ «Ұстаз» деген ұлы ұғымға лайық болу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, сапалы маман дайындау жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандардың бірі – Қобда ауданы Бегалы негізгі мектебінің педагог-психологы Айжарықова Клара Орынбасарқызы. Клара…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📚«Ұстаз» деген ұлы ұғымға лайық болу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, сапалы маман дайындау жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандардың бірі – Қобда ауданы Бегалы негізгі мектебінің педагог-психологы Айжарықова Клара Орынбасарқызы.

🖇️Клара Айжарықова 40 жылдан астам уақыт бойы кәсіби қызметінде дараланып, ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын жас ұрпаққа білім беруге, оларды тәрбиелеуге арнап келеді. Өз мамандығына деген шексіз сүйіспеншілігі мен ұқыптылығы, еңбекке деген адалдығы – оны әріптестерінен ерекшелеп тұратын қасиеттер.

🖇️Ұстаздың шәкірттері қалалық, облыстық, республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі байқаулар мен пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері. Атап айтқанда, оның оқушылары республикалық «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары байқауының аудандық кезеңінде І орын иеленсе, шәкірті Нәзира Ғалиасқарқызы медицина және психология саласы бойынша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, 7-сынып оқушысы Аманжан Сапарғалиев Қазақстан Республикасының Кіші ғылым академиясының ғылыми-тәжірибелік конференцияларында жүлделі орындарға ие болып, мектеп абыройын асқақтатты.

🗞️Клара Айжарықованың қажырлы еңбегі еленіп, бірнеше мәрте марапаттарға ие болды. Ол Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Ақтөбе облыстық білім басқармасының Алғыс хатының иегері. Сонымен бірге, білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Бұған қоса, республикалық және облыстық пәндік олимпиадаларда І дәрежелі диплом иеленіп, облыстық педагогикалық олимпиадада І орын, «Мен психологпын» атты облыстық эссе байқауында да жеңімпаз атанды.

📍Клара Орынбасарқызы кәсіби біліктілігі жоғары, тәжірибелі педагог, еңбек адамы. Қоғамдық жұмыстарға да зор жауапкершілікпен қарайтын, еңбексүйгіш ұстаздың адал еңбегі – шәкірттерінің жетістігі мен мектеп абыройының кепілі.

ЕҢБЕК АДАМЫ
ЕҢБЕК АДАМЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности