+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: МЕКТЕП ҰЖЫМЫНЫҢ АБЫРОЙЛЫ…
Новости территориальных организаций 12 мая 2025

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: МЕКТЕП ҰЖЫМЫНЫҢ АБЫРОЙЛЫ МҮШЕСІ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: МЕКТЕП ҰЖЫМЫНЫҢ АБЫРОЙЛЫ МҮШЕСІ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: МЕКТЕП ҰЖЫМЫНЫҢ АБЫРОЙЛЫ МҮШЕСІ Өз ісіне берілген, жауапкершілігі жоғары, мектеп ұжымының абыройлы мүшесі, қай қиындықта да қабағын шытпай, жайдары жүзімен жұмысын абыроймен атқаратын елгезек жан – Әуелбеков Болатхан Бураханұлы. Болатхан аға – Шығыс…

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: МЕКТЕП ҰЖЫМЫНЫҢ АБЫРОЙЛЫ МҮШЕСІ

Өз ісіне берілген, жауапкершілігі жоғары, мектеп ұжымының абыройлы мүшесі, қай қиындықта да қабағын шытпай, жайдары жүзімен жұмысын абыроймен атқаратын елгезек жан – Әуелбеков Болатхан Бураханұлы.

Болатхан аға – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Маңырақ ауылында 1962 жылдың 6 ақпанында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Білімге құштар Болатхан 1969 жылы Покровка орта мектебінің (қазіргі А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі) табалдырығын аттап, 1979 жылы орта мектепті үздік нәтижемен аяқтады. Еңбек жолын да туған мектебінен бастап, 1979 жылдың күзінде қарапайым жұмысшы болып орналасты.

1980-1982 жылдары Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп, кеңестік әскер қатарында болды. 1982-1984 жылдары Павлодар қаласындағы ауыл шаруашылық техникумында білімін жетілдірді. 1984-1996 жылдары Покровка совхозында еңбек етті. 1996-2000 жылдары "Мұрагер" шаруа қожалығында қызмет атқарса, 2000 жылдан бастап "Береке" жеке шаруа қожалығын құрып, жетекшілік етті.

2007 жылдан 2025 жылдың ақпан айына дейін А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінде аянбай еңбек етті. Мектеп ұжымы Болатхан ағаның еңбекқорлығын, жауапкершілігін және өз ісіне деген адалдығын жоғары бағалайды. Ол әрқашан көмекке дайын, қиындықтардан қорықпайтын, мектептің дамуына өз үлесін қосуға ұмтылатын жан. Бүгінде жан жары Жаңыл апаймен бірге төрт баласын өсіріп, үйлендіріп, немерелерінің қызығын көріп отырған үлгілі отбасы. Көп жылғы еңбегінің жемісін көріп, құрметті зейнеткерлікке шығып отырған ағамызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.

#Тарбағатайауданыбілімкәсіподағы

#ШҚОбілімкәсіподағы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности