+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР ЖО…
Новости территориальных организаций 26 августа 2025

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР ЖОЛЫ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР ЖОЛЫ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР ЖОЛЫ Әріптестер ортасында ерекше дараланып, ғұмырының елеулі бөлігін көлік тізгінінде өткізіп, маңдай терімен елге қызмет етіп келе жатқан қарапайым да қадірлі жан – Абдулғазиев Серікхан Шәріпханұлы, Шығыс Қазақстан облысы…

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР ЖОЛЫ

Әріптестер ортасында ерекше дараланып, ғұмырының елеулі бөлігін көлік тізгінінде өткізіп, маңдай терімен елге қызмет етіп келе жатқан қарапайым да қадірлі жан – Абдулғазиев Серікхан Шәріпханұлы, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы «Асусай мектеп-балабақша кешені» КММ жүргізушісі.

Адалдық пен жауапкершілікті жалау еткен, жанының тыныштығын елдің тыныштығымен өлшейтін нағыз еңбек иесі Серікхан Шәріпханұлы – бүгінгі қоғамдағы еңбек адамының жарқын бейнесі.

1965 жылы Тарбағатайдың Асусай ауылында дүние есігін ашқан Серікхан аға тіршіліктің тамыры еңбекте екенін өмірімен дәлелдеген абзал азамат. Балалық бал дәуренін ауыл топырағында кешіп, В.И.Ленин атындағы мектепте білім нәрімен сусындаған. 1983–1985 жылдары Байқоңыр қаласында әскери борышын өтеп, кейін 1985 жылдан 1994 жылға дейін Ақжар мәдениет үйінде жүргізуші болып, халықтың қалаулысы атанды. Ел игілігі жолында аянбай тер төккен ол, 2010 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Асусай мектебінде жүргізушілік қызметті абыроймен атқарып келеді.

Сабырлы мінезімен, таудай тындырымдылығымен ұжым арасында ерекше сыйлы. Міндетіне асқан жауапкершілікпен қарап, күн сайын мектеп балаларының амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген жанның еңбегі ешқашан елеусіз қалмауы тиіс.

Биыл, Еңбек адамы жылы аясында алпыс жасқа толып отырған Серікхан Шәріпханұлы бір әулеттің ғана емес, бүкіл ауылдың мақтанышы. Елдің тыныштығы мен ұрпақтың амандығы үшін күн сайын көлік тізгінінде сапар шегіп жүрген еңбек майталманына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейнетінің зейнетін көруді тілейміз!

 

Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности