+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ
Новости территориальных организаций 01 октября 2025

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ Нұрлан Маткаримов Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Бастаушы ауылында, көпбалалы отбасының қара шаңырағында дүниеге келді. Әкесі Тосум – қарапайым шаруа адамы, анасы – еңбекқор жан. Кішкентайынан үй шаруасына бейім болып…

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ

Нұрлан Маткаримов Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Бастаушы ауылында, көпбалалы отбасының қара шаңырағында дүниеге келді. Әкесі Тосум – қарапайым шаруа адамы, анасы – еңбекқор жан. Кішкентайынан үй шаруасына бейім болып, әкесінің қасында жүріп еңбектің қадірін түсінді. Ата-анасының бойына сіңірген үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету қағидасы оның өмірлік ұстанымына айналды.

1986 жылы Бастаушы ауылындағы Абай атындағы орта мектепті бітірген соң, туған ауылында еңбек жолын бастады. 1987 жылы әскерге шақырылып, борышын өтеп, 1989 жылы туған жеріне қайта оралды. «Жамбыл» атындағы колхоз Нұрланды Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы 6 айлық электрик мамандығының курсына жіберді. Оқуды тәмамдаған соң, ауылға қайтып оралып, электрик болып жұмыс істей бастады. Еңбек ете жүріп, 1991 жылы отбасын құрды. Бүгінде үш ұлдың әкесі, үш немеренің сүйікті атасы атанды.

«Жамбыл» атындағы колхозда, туған жеріне адал қызмет етіп, іскерлігімен көзге түскен Нұрлан, колхоз тарағанға дейін электрик болып жұмыс істеді. 1996 жылдан бастап Абай атындағы мектепке электрик және от жағушы болып жұмысқа тұрды. Осы жылдан бастап кәсіподақ мүшесі болды. Содан бері өз ісін жетік меңгерген, жауапкершілігі мол маман ретінде танылды. 29 жылдық еңбек өтілі ішінде ұжыммен жақсы тіл табысып, мектептегі барлық іс-шараларға белсене қатысып, абыройы артты. Нұрлан тек өз міндетін атқарып қана қоймай, мектеп оқушыларына өз мамандығының қыр-сырын үйретіп, қызықтыра білді. Нәтижесінде, мектептің бірнеше түлегі бүгінде осы мамандықтың иесі болып, еңбек етіп жүр.

Нұрланның күнделікті өмірі мектеп жұмысымен ғана шектелмейді. Ауыл адамдарына қолынан келгенше көмектесіп, қол ұшын беруге дайын тұрады.

Осы уақытқа дейін Нұрлан адал еңбегі үшін мектеп директорының, ауыл әкімінің атынан көптеген марапаттарға ие болды.

#Самарауданыбілімкәсіподағы

#ШҚОбілімкәсіподағы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности