+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › Жолдау – 2021: Сапалы білім беруге баса назар ауда…
Статьи 02 сентября 2021

Жолдау – 2021: Сапалы білім беруге баса назар аударылды

Жолдау – 2021: Сапалы білім беруге баса назар аударылды 2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы өскенін айтып, бюджеттен қаржыланатын өзге сала азаматтары одан тыс қалғанын ерекше атап өтті. Елімізде білім саласына…

Жолдау – 2021: Сапалы білім беруге баса назар аударылды


2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы өскенін айтып, бюджеттен қаржыланатын өзге сала азаматтары одан тыс қалғанын ерекше атап өтті. Елімізде білім саласына, оның ішінде 2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысын өсіруге бюджеттен жыл сайын қаржы бөлініп келе жатыр. 2023 жылға дейін ұстаздардың жалақысы 2 есеге өседі. Бұл жаңалықтан білім саласында жұмыс істейтін кітапханашылар, медицина қызметкерлері, техникалық персоналдар тыс қалған еді. Өзекті мәселені Салалық кәсіподақ күн тәртібінен түсірмей, ҚР Үкіметіне, министрліктерге бірнеше мәрте хат жолдады.



Биылғы Жолдауда Президенттің бұл мәселеге баса назар аударғаны қуантты. Енді мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілердің жалақылары 2022 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 20%-ке өсетін болды. Мемлекет басшысының осы санаттағы азаматтың қызметкерлердің жағдайына бей-жай қарамай, қолдау көрсеткені үшін әріптестерімнің атынан үлкен алғыс білдіремін. Тағы бір ерекше атап өтетін жағдай – педагогтардың біліктілігін арттыруға байланысты. Бұл өзекті мәселе.



“Педагог мәртебесі туралы” заң жобасы талқыланған кезде ұстаздар мен Салалық кәсіподақ біліктілікті арттырудың мерзімін қысқарту туралы мәселе көтерген болатын.Енді, міне, Президент Жолдауында осыған назар аударылып, ұстаздардың біліктілігін арттыруды бес жылда емес, 3 жылда бір рет ақысыз негізде қолға алуды жүктеді. Білікті ұстаз білімді ұрпақ тәрбиелейтінін ескерсек, бұл бастама да заман талабына сай жасалған игі қадамдардың бірі дер едім.



Жолдау барысында Президенттің 2022 жылғы қаңтардың 1-інен бастап ең төмен жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60000 теңгеге өсіруді тапсырғаны тағы бір жағымды жаңалық болды. Бұл халықтың әл-ауқатын арттыру бағытанда мемлекет тарапынан жасалып жатқан әлеуметтік қолдаулардың бірі деп білеміз. Жолдау жүктеген міндеттер жүйелі жүзеге асып, әлеуметтің әлеуетін арттыру жолындағы жақсы бастамалар жалғасын таба берсін.



Айгүл МҰҚАШЕВА,
“Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлдері кәсіптік одағы”
қоғамдық бірлестігінің төрайымы

https://bilimdinews.kz/?p=167035&fbclid=IwAR3hLoCJoefhXJ7-8A9aCECNhDY5SoU4ai0JdXpzWJNoxkHsN76N3cUSKKA

Все новости

Читайте также

  • Главное в реформе - практический эффект
    Статьи

    Главное в реформе - практический эффект

    27.02.2026
  • 75 мыңға жуық кәсіподақ мүшесінің құқығы қорғалады
    Статьи

    75 мыңға жуық кәсіподақ мүшесінің құқығы қорғалады

    26.02.2026
  • Профсоюз потребовал пересчитать надбавки учителям в области Улытау
    Статьи

    Профсоюз потребовал пересчитать надбавки учителям в области Улытау

    23.10.2025
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности