+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖІГЕР МЕН ТАБАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ
Новости территориальных организаций 16 апреля 2026

ЖІГЕР МЕН ТАБАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

ЖІГЕР МЕН ТАБАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

ЖІГЕР МЕН ТАБАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ Мектепте әр пәннің өзіндік орны бар. Соның ішінде дене шынықтыру пәнінің орны ерекше. Бұл тек қимыл-қозғалыс сабағы емес, жас ұрпақтың бойына жігер, төзімділік, батылдық сияқты қасиеттерді қалыптастыратын өмір мектебі. Ал сол мектептің…

ЖІГЕР МЕН ТАБАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

Мектепте әр пәннің өзіндік орны бар. Соның ішінде дене шынықтыру пәнінің орны ерекше. Бұл тек қимыл-қозғалыс сабағы емес, жас ұрпақтың бойына жігер, төзімділік, батылдық сияқты қасиеттерді қалыптастыратын өмір мектебі. Ал сол мектептің жүрегі өз ісіне адал, шәкірт тәрбиесіне жанын салған ұстаз. Осындай ұстаздардың бірі – Рамазанов Даурен Сарсенұлы.

Даурен Сарсенұлы педагогикалық еңбек жолын 1997 жылы Қордай ауданы, Сұлутөр ауылындағы №38 орта мектепте бастады. Жас маман сол кезден-ақ ұстаздық жолдың жауапкершілігін терең түсініп, шәкірт тәрбиесіне ерекше ықыласпен қарады. 2008 жылы Қордай ауылындағы №51 мектепке ауысып, еңбек жолын жалғастырды. Ұстаздың жалпы педагогикалық еңбек өтілі 29 жыл. Осы жылдар ішінде ол өз кәсібіне деген адалдығы мен жауапкершілігінің арқасында үлкен тәжірибе жинақтады. Қазіргі таңда «педагог-сарапшы» біліктілігі бар.

Даурен Рамазанов тек сабағын сапалы өткізіп қана қоймай, мектеп ұжымының қоғамдық өміріне де белсенді араласады. Ұйымдастырылатын спорттық жарыстар, «Денсаулық күні», мұғалімдер арасындағы спартакиадалар ұжым арасындағы бірлікті нығайтып, сыйластықты арттыратын маңызды шаралар. Алайда, ұстаз еңбегінің ең үлкен жемісі – шәкірт жетістігі. Даурен Рамазанов тәрбиелеген оқушылардың спорттағы табыстары оның кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің айқын көрінісі. Ол шәкірттеріне тек спортты үйретіп қана қоймай, олардың бойында табандылық, жауапкершілік, жеңіске деген жігер қалыптастырады. Ұстаз өз жұмысының негізгі бағыты ретінде волейбол спортын таңдады. Бүгінде оның шәкірттері волейболдан аудандық жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп, мектеп намысын абыроймен қорғап жүр.

Осындай адал еңбегі мен шәкірт тәрбиесіндегі табандылығы арқылы Рамазанов Даурен Сарсенұлы нағыз еңбек адамының жарқын үлгісі. Өз ісіне деген сүйіспеншілік пен адал еңбек ұстаздың басты ұстанымы болып қала бермек.

Жамбыл облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности