+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖЕТІСУДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
Новости территориальных организаций 26 марта 2026

ЖЕТІСУДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

ЖЕТІСУДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

ЖЕТІСУДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ Халықаралық әйелдер күніне орай әйелдер арасында волейболдан тартысты жарыс ұйымдастырылды. Аталған спорттық шараға Жетісу облысына қарасты аудандық және қалалық жалпы білім беру ұйымдарының директорларынан құралған командалар қатысып, өзара бақ…

ЖЕТІСУДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

📌 Халықаралық әйелдер күніне орай әйелдер арасында волейболдан тартысты жарыс ұйымдастырылды. Аталған спорттық шараға Жетісу облысына қарасты аудандық және қалалық жалпы білім беру ұйымдарының директорларынан құралған командалар қатысып, өзара бақ сынасты.

📎 Шараны Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындық және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырды. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі Қ.Касымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінде өтті. Ашылу барысында қатысушыларға жылы лебіздер айтылып, жарыстың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

🔰 Салтанатты жиында сөз алған Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағының төрағасы Мэлс Төлепбергенов қатысушыларды мерекемен құттықтап, жарыстың мәні мен мағынасына тоқталды. Ол өз сөзінде мұндай шаралар ұжым арасындағы ауызбіршілікті арттырып, қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға зор үлес қосатынын атап өтті. Сонымен қатар, кәсіподақ тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

🔰 Сонымен қатар, Жетісу облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Али Солтанбеков дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл жарыстың биыл да жалғасын тапқанына тоқталып, Жетісу облысы білім басқармасының Кубігі үшін өтетін турнирдің барлық қатысушыларына алғыс білдірді. Ол жарысқа қатысушыларға тек жеңіс емес, жақсы көңіл-күй мен жаңа достық байланыстар тілейтінін жеткізді.

🏐 Жарыс барысында командалар өзара тартысты ойын өрнегін көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Екі күнге созылған турнирде әрбір команда жеңіске деген жігерімен ерекшеленіп, ойын алаңында кәсіби шеберліктерін паш етті. Нәтижесінде үздік командалар анықталды.

🥇 Қаратал ауданының командасы,

🥈 Талдықорған қаласының командасы,

🥉 Алакөл ауданының командасы иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қалған командаларға облыстық кәсіподақ ұйымының атынан ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

 

Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі

ЖЕТІСУДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
ЖЕТІСУДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
ЖЕТІСУДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности