+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖЕТІСУДА ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Новости территориальных организаций 07 мая 2026

ЖЕТІСУДА ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

ЖЕТІСУДА ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

ЖЕТІСУДА ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ 2026 жылдың 5–6 мамыр күндері Талдықорған қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ерлер арасында волейболдан Жетісу облысы білім басқармасының Кубогі ұйымдастырылды. Аталған жарыс салауатты өмір салтын насихаттау, волейбол…

ЖЕТІСУДА ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

🏐 2026 жылдың 5–6 мамыр күндері Талдықорған қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ерлер арасында волейболдан Жетісу облысы білім басқармасының Кубогі ұйымдастырылды. Аталған жарыс салауатты өмір салтын насихаттау, волейбол спортын дамыту және білім беру ұйымдары қызметкерлері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілді.

👥 Жарысқа Жетісу облысының аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, жалпы білім беру ұйымдарының директорлары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері мен кәсіподақ ұйымдарының құрама командалары қатысты. Бұл өз кезегінде түрлі деңгейдегі білім саласы қызметкерлерінің басын қосып, ортақ спорттық алаңда тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.

🎤 Салтанатты ашылу рәсімі Талдықорған қаласындағы Қ. Қасымов атындағы №28 ІТ мектеп-лицейінде өтті. Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағының төрағасы Мэлс Төлепбергенов сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

🏫 Ал жарыстың негізгі кезеңдері осы білім ордасы мен №29 мектеп-лицей базасында жалғасын тапты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін паш етті.

📊 Турнир командалық жүйе бойынша ұйымдастырылып, командалар екі топқа бөлінді. Әр ойын Халықаралық волейбол федерациясының ережелеріне сәйкес өткізілді. Жеңімпаздар ұпай саны арқылы анықталып, финалдық кезеңде үздік командалар өзара бақ сынасты.

🛡️ Жарыс барысында тәртіп пен қауіпсіздік талаптарына ерекше назар аударылды. Қатысушылардың жол жүру қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, барлық командалар қажетті құжаттармен толық қамтылды. Сонымен қатар, ойын барысында әділ төрелік қамтамасыз етіліп, спорттық мәдениет сақталды.

🏆 Турнир қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Панфилов ауданы, ІІ орынды Сарқан ауданы, ІІІ орынды Текелі қаласының командалары иеленіп, дипломдармен, кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ орын ала алмаған барлық командалар мен үздік ойыншылар түрлі номинациялар бойынша облыстық кәсіподақ ұйымының тарапынан арнайы марапаттарға ие болды.

📢 Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі

ЖЕТІСУДА ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
ЖЕТІСУДА ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности