+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖЕТІСУДА МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Новости территориальных организаций 08 декабря 2025

ЖЕТІСУДА МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЖЕТІСУДА МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЖЕТІСУДА МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ Әлемдік деңгейде өткізілетін «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны аясында Жетісу облысында мазмұнды шара ұйымдастырылды. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Ескелді ауданы, Қарабұлақ орта мектебінің базасында…

ЖЕТІСУДА МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Әлемдік деңгейде өткізілетін «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны аясында Жетісу облысында мазмұнды шара ұйымдастырылды.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Ескелді ауданы, Қарабұлақ орта мектебінің базасында «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты жою» тақырыбында кездесу өтті.

Шараға Жетісу облысы аналар кеңесінің төрағасы Нұржамал Баймадиева, Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы Маржан Жұмабек, бас есепшісі Айгүл Арымбаева, Ескелді аудандық ауруханасының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі психологі Айжан Баратовa қатысты.

Кездесу психологиялық қолдау көрсету және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында ұйымдастырылып, мектеп психологтары Мөлдір Жұмағұлова мен Айдана Атеева шара қатысушыларын қарсы алып, түрлі әдістер арқылы әйелдер қауымының көңілдерін көтеріп, психологиялық ахуалды қалыптастырып, шара модераторы Ескелді аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Адия Айтбузиноваға жолдады. Кәсіподақ өкілі әйелдер мен қыздарды қорғау мәселесінің маңыздылығына тоқталып, қоғамды ортақ күреске шақырды.

Шара қатысушылары, өздерінің таңдаған түстеріне қарап, төрт топқа бөлінді. Плакатпен жұмыс, видеоны ашу, эксперимент және қарапайым құралдар арқылы әйелдерге келтірілетін қиындықтарды талдап, әр топ одан шығу жолдарын көрсетті.

«Отбасын қолдау орталығының» директоры Жанар Нұрмұханова отбасындағы жанжалдың салдарын талқылап, әйелдерге жасалып жатқан көмек түрлерін таныстырып, балаларға тигізетін әсері жайын сөз етті.

Ал, Отбасылық тұрмыстың зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесі, полиция майоры Лаура Түсіпова жыл басынан аудандық деңгейде 200-ге жуық отбасындағы кикілжіңдерге қатысты іс қозғалып, 15-і қылмыстық іске ұласқанын айтты. Жазылған өтініш негізінде әйелдер мен балалар қорғалып, басталған істің шешімі шыққанша бақылауда ұстайтындарын жеткізді.

Кездесуде қатысушылар арасында пазл құрастыру ойыны ұйымдастырылып, бірлік пен өзара қолдаудың маңыздылығы атап өтілді.

Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға зорлық-зомбылықсыз қоғам қалыптастыру әрбір адамның міндеті екенін атап өтті. Жиын қорытындысы сөзбен аяқталып, әйелдер мен қыздардың қауіпсіздігіне бағытталған жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатыны айтылды.

 

Жетісу облыстық ұйымының баспасөз қызметі

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности