+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖЕТІСУДА КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ОҚЫТЫЛУДА
Новости территориальных организаций 02 декабря 2025

ЖЕТІСУДА КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ОҚЫТЫЛУДА

ЖЕТІСУДА КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ОҚЫТЫЛУДА

ЖЕТІСУДА КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ОҚЫТЫЛУДА Еңбек қатынастарындағы дауларды дер кезінде және тиімді шешу – әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі. Осы орайда келісу комиссиясы мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, келіссөз жүргізу мәдениетін…

ЖЕТІСУДА КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ОҚЫТЫЛУДА

Еңбек қатынастарындағы дауларды дер кезінде және тиімді шешу – әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі. Осы орайда келісу комиссиясы мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, келіссөз жүргізу мәдениетін қалыптастыру және еңбек дауларын шешудің заманауи тәсілдерін меңгерту мақсатында Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы арнайы оқыту семинарларын ұйымдастыруда.

Аталған бастама аясындағы алғашқы шаралар Ескелді ауданында өткізіліп, кейін Текелі қаласында жалғасын тапқан болатын. Бүгінгі күні бұл оқыту жұмыстары Көксу және Қаратал аудандарында да ұйымдастырылып, ерекше белсенділікпен өтті.

Семинарға білім беру мекемелерінің келісу комиссияларының мүшелері, кәсіподақ жетекшілері және мекеме басшылары қатысты. Жиын барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов кәсіподақтың әлеуметтік әріптестікті нығайту бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, келісу комиссияларының рөлін күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар облыстық кәсіподақ ұйымының заңгер-кеңесшісі Әсет Қайырхан қатысушыларға еңбек дауларының негізгі түрлері, оларды қарау тәртібі, келіссөз жүргізу әдістері, комиссия мүшелерінің жауапкершілігі жөнінде кең көлемде түсіндірме берді.

Көксу мен Қаратал аудандарында өткен оқыту барысында тыңдаушыларға келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, хаттама жүргізу тәртібі, шешімдердің заңдық күші, сондай-ақ еңбек заңнамасындағы өзекті өзгерістер егжей-тегжейлі түсіндірілді. Семинар ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар сауалдарын қойып, өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.

Кәсіподақтың осы бастамасы еңбек ұжымдарындағы келісім мәдениетін нығайтуға, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Оқыту нәтижесінде келісу комиссиясы мүшелерінің кәсіби дайындығы күшейіп, еңбек дауларын әділ, уақтылы және заң талаптарына сай қарау қабілеті артты.

Алдағы уақытта «Жетісу» жергілікті кәсіподағы аймақтағы барлық өңірлерді қамти отырып, келісу комиссияларының жұмысын жетілдіруге бағытталған осындай семинарларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

 

Жетісу облыстық ұйымының баспасөз қызметі

ЖЕТІСУДА КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ОҚЫТЫЛУДА
ЖЕТІСУДА КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ОҚЫТЫЛУДА
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности