+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА КЕҢЕС ЖӘНЕ АТҚАРУ КОМИТЕТІ ОТЫРЫС…
Новости территориальных организаций 25 декабря 2025

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА КЕҢЕС ЖӘНЕ АТҚАРУ КОМИТЕТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА КЕҢЕС ЖӘНЕ АТҚАРУ КОМИТЕТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА КЕҢЕС ЖӘНЕ АТҚАРУ КОМИТЕТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы Кеңес отырысын өткізді. Алқалы жиынға облыстық ұйымға қарасты филиалдар мен бастауыш…

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА КЕҢЕС ЖӘНЕ АТҚАРУ КОМИТЕТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы Кеңес отырысын өткізді. Алқалы жиынға облыстық ұйымға қарасты филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде облыстық кәсіподақтың мүшелік ұйымдарында аумақтық келісімдер мен ұжымдық шарттарды жасау жөніндегі жұмыс жағдайы мен әлеуметтік әріптестіктің тиімділігін арттыру, облыстық кәсіподақ ұйымының кадрларын және кәсіподақ активін оқытудағы алғы шарттары, Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының бақылау-тексеру комиссиясы жұмысын ұйымдастыру туралы мәселелер қаралды.

Шара барысында облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов кәсіподақтың жұмысын саралап, белсенділік танытқан облыстық ұйымның төраға орынбасары Болат Тұрысбековке, Көксу және Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалдырының төрағалары Дина Нүсіпова, Жақан Дуанаевқа Кәсіподақ қозғалысына 120 жыл толуына байланысты Қазақстан Республикасы Кәсіподақ федерациясының мерекелік медалін табыс етті.

Сонымен қатар, Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған «Өз мамандығының үздігі» республикалық байқауына қатысып, жер жаннаты-Жетісудың намысын қорғаған Талдықорған индустрялдық колледжінің оқытушысы Аида Абдырды дипломмен, облыстық ұйымның «Еңбек адамы» төсбелгісімен Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы Таир Тойгуловты марапаттады.

Облыстық ұйымның заңгер-кеңесшісі Әсет Қайырхан күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша баяндама жасап, әлеуметтік әріптестік арасында жасалған игі бастамаларды көпшілікке таныстырып, кәсіподақ активін оқытудың алғы шарттары туралы мәлімет беріп, педагогтар тарапынан туындайтын жиі түсетін сұрақтарға шолу жасап, барлық деңгейдегі төрағаларына құқықтық кеңестерін ұсынды.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша облыстық ұйымның бақылау-тексеру комисиясының төрағасы Қанатбек Намазбаев сөз алды. Кәсіподақтың қаржысына бақылау жүргізетін бақылау- тексеру комиссиясының рөлі мен атқаратын қызметі туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жиынның соңында Кеңес мүшелері ашық сұхбаттасып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қажетті қаулыларды қабылдады.

Талдықорған индустриялық колледжінің мәжіліс залында ұйымдастырылған Атқару комитеті отырысына облыстық ұйым басшылығы, аудандық және қалалық кәсіподақ филиалдарының төрағалары, бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы, аппарат қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, алдағы 2026 жылға арналған негізгі міндеттер мен жоспарлар талқыланды.

Күн тәртібінің алғашқы мәселесі бойынша облыстық ұйымның, сондай-ақ аудандық және қалалық кәсіподақ филиалдарының 2025 жылы атқарған жұмыстары жан-жақты қаралды. Бұл мәселе жөнінде облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов баяндама жасап, есепті кезеңде атқарылған негізгі бағыттарға тоқталды.

Баяндамашы кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, құқықтық көмек көрсету, әлеуметтік әріптестік аясындағы жұмыстар, сондай-ақ бұқаралық-спорттық және мәдени іс-шаралардың жүзеге асырылу барысын атап өтті. Сонымен қатар, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары ұсынылып, оны жетілдіру бойынша ұсыныс-пікірлер айтылды. Нәтижесінде, облыстық ұйымның және филиалдардың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Күн тәртібінің екінші мәселесі – ұйымдастыру жұмыстарына арналды. Бұл бағытта кәсіподақ құрылымын жетілдіру, кадрлық әлеуетті нығайту, ішкі тәртіп пен құжат айналымын жүйелеу, қаржылық-шаруашылық мәселелері сөз болды.

Отырыс соңында Атқару комитеті мүшелері қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдап, кәсіподақ жұмысының алдағы кезеңдегі басым бағыттарын айқындады. Жиын конструктивті әрі іскерлік жағдайда өтіп, кәсіподақ қозғалысын одан әрі дамытуға бағытталған маңызды алаң болды.

 

Жетісу облыстық ұйымы

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА КЕҢЕС ЖӘНЕ АТҚАРУ КОМИТЕТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА КЕҢЕС ЖӘНЕ АТҚАРУ КОМИТЕТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности