+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖЕТІСУ КӘСІПОДАҒЫНДА САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Новости территориальных организаций 07 октября 2025

ЖЕТІСУ КӘСІПОДАҒЫНДА САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ЖЕТІСУ КӘСІПОДАҒЫНДА САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ЖЕТІСУ КӘСІПОДАҒЫНДА САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ Қазан айы – білім саласы қызметкерлері мен кәсіподақ мүшелері үшін айрықша кезең. 5 қазан – Мұғалімдер күні, 10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні болып, ұстаздар қауымы мен сала қызметкерлері бұл мерекелерді ерекше ықыласпен қарсы…

ЖЕТІСУ КӘСІПОДАҒЫНДА САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Қазан айы – білім саласы қызметкерлері мен кәсіподақ мүшелері үшін айрықша кезең. 5 қазан – Мұғалімдер күні, 10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні болып, ұстаздар қауымы мен сала қызметкерлері бұл мерекелерді ерекше ықыласпен қарсы алады.

Осы қос мерекеге орай Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы бүгін Оқушылар сарайының мәжіліс залында «Ұстаздық – ұлы еңбек» атты салтанатты қабылдау өткізді.

Шараға Алматы және Жетісу облысы кәсіподақтары орталығының төрағасы Ә.Қыдырманов, ардагер ұстаздар мен кәсіподақ мүшелері, кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақтың белсенді мүшелері қатысты.

Мерекелік жиынның басты мақсаты – қоғам дамуына зор үлес қосып жүрген ұстаздар мен кәсіподақ мүшелерінің еңбегін дәріптеу, әлеуметтік әріптестікті нығайту және ұстаз мәртебесін арттыру болды.

Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы М. Төлепбергенов өз сөзінде ұстаз мамандығының қадір-қасиетіне тоқталып, білім саласындағы кәсіподақтардың әлеуметтік қолдау мен еңбек қатынастарындағы әділдікке қосып отырған үлесін атап өтті. Сондай-ақ педагогтарға қамқорлық жасау, кәсіподақ мүшелерінің әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғаса беретінін жеткізді.

​Салтанатты шарада Алматы және Жетісу облысы кәсіподақтары орталығының төрағасы Ә.Қыдырманов және Жамбыл атындағы орта мектебі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Р. Заитова сөз сөйлеп, ұстаздар қауымына ақ тілектерін арнап, жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелік жиында білім саласының үздіктері мен кәсіподақ белсенділеріне түрлі марапаттар табыс етілді. Атап айтқанда, «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін», «Кәсіподақ ардагері», «Сала қызметкерлерінің кәсіподаққа сіңірген айрықша еңбегі үшін», сондай-ақ «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері мен Құрмет грамоталары иелерін тапты.

Бұл марапаттар – білім саласындағы кәсіподақ ұйымдарының еңбегі еленіп, олардың абыройын арттыруға бағытталған үлкен құрметтің көрінісі болды.

Салтанатты қабылдаудың көркін Қ. Байсейітов атындағы Талдықорға саз колледжінің өнерпаздары мен Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары ашып, әсем ән мен би ұсынды. Жас өнерпаздардың әсерлі қойылымдары ұстаздарға арналған шынайы алғыс пен ризашылықтың белгісіне айналды.

«Ұстаздық – ұлы еңбек» атты бұл шара ұстаздар еңбегінің қадір-қасиетін ұлықтап, кәсіподақ ұйымдарының бірлігі мен ынтымағын тағы бір мәрте айқындады.

 

Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі

ЖЕТІСУ КӘСІПОДАҒЫНДА САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
ЖЕТІСУ КӘСІПОДАҒЫНДА САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности