+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Новости территориальных организаций 23 ноября 2025

ЖАС ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

ЖАС ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

ЖАС ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында Аудандық білім бөлімі және Кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен №26 орта мектеп базасында «ЖАС ҰСТАЗ: ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ» тақырыбында аудандық жастар форумы болып өтті. Форум «Жас қанат» кәсіподақ жастарының…

ЖАС ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында Аудандық білім бөлімі және Кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен №26 орта мектеп базасында «ЖАС ҰСТАЗ: ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ» тақырыбында аудандық жастар форумы болып өтті.

Форум «Жас қанат» кәсіподақ жастарының қарсы алуымен басталды.

Форумға 60-тан астам жас педагог және облыс көлеміндегі білім саласындағы белсенді жастар қатысты. Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Съездұлы алғы сөз алып, жастар форумының негізгі мақсаты білімдегі жастар көшбасшылығын нығайту және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру бағытында ұйымдастырылып отырғанын жеткізіп, барша ұйымдастырушыларға, қонақтарымызға алғысын білдіріп, жас ұстаздарға сәттілік тіледі.

Шарамыздың арнайы қонағы «НЗМ» ДББҰ, педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы тренері, аға менеджер Оспанов Ерболат Тұрсынтайұлы құттықтау сөзін сөйлеп, осы жоба аудандар арасында алғаш болып Қармақша ауданы өткізіп жатқанын ерекше атап өтіп, өз алғысын білдірді. Сонымен қатар, облыстық кәсіподақ комитетінің бас маманы Мамбетов Асылбек ұйымдастырылып жатқан шараға өз алғысын білдірді.

Шараның негізгі бөлімдерінің бірі «TED talk» мотивация секциясымен жалғасты. Алғашқы спикеріміз Қызылорда қаласы №143 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қожатай Балдырған «Білімге құштар адам ешқашан бос қалмайды- ол мүмкіндікті өзі жасайды» тақырыбында тәжірибесімен бөліссе, екінші спикеріміз «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша «Кәсіби даму институтының» қоғамдық-гуманитарлық кафедрасының аға оқытушысы Еркін Ернар «Ағылшын тілін білу болашағыңа жасалатын жаһандық апгрейд. Өзіңе жаңа мүмкіндіктердің есігін аш» тақырыбында, Сырдария ауданы №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі, «Үздік педагог – 2025» байқауының республикалық кезеңінің жеңімпазы Төлеген Піржан Ержанұлы «Мұғалім мектепке алғашқы қадам басқанда үш түрлі қасиетпен келеді. Біріншісі-тіршілік тынысы. Екіншісі- мансап қасиеті, үшіншісі-нағыз ұстаз қасиеті» тақырыбында құнды тәжірибелермен бөлісті. «Ойла. Жаса. Қолдан. Жасанды интеллектпен бірге» педагогикалық тәжірибелер кеңістігі бөлімінде Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы №273 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Хамитов Нұрбол «Ғылыми пәндердегі «WARM» әдісінің негізгі ерекшеліктері, Сырдария ауданы №42 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бегежан Ұлархан «Анимациялық оқытуды жүзеге асырудың жолдары», Сырдария ауданы № 210 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Аманбеков Заманбек «Brain Games: ақылды алгоритмдер мен логикалық әлемге кіру», Шиелі ауданы №127 мектебінің математика пәні мұғалімі Нұғман Дәулет «EduTech+Math: жасанды интелект көмегімен тиімді тапсырма әзірлеу», «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша «Кәсіби даму институтының» қоғамдық-гуманитарлық кафедрасының аға оқытушысы, ағылшын тілі пәні мұғалімі Еркін Ернар «AI+ Alpha Generation=олимпиада шыңын бағындырар алгоритм», Қазалы ауданы № 249 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Сараман Аслан «Prompting – әр адамға қажет ХХІ ғасыр дағдысы» тақырында шеберлік сағаттарын өткізді.

Шарамыздың үшінші бөлімі «Brain Boost: ойлау мен коммуникацияны барынша іске қос», «Алтын көмбе», «Жүзден жүйрік...» интеллектуалды сайыстарымен жалғасты.

🏆Форум соңында жас ұстаздар кері байланыс жасап, «Үздік жас педагог» анықталып, сертификаттар мен арнайы естелік сыйлықтар табысталды.

ЖАС ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
ЖАС ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности