+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ
Новости территориальных организаций 11 июня 2026

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Білім мен біліктілікті қатар ұштастырып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген жас мамандар ел болашағының жарқын кепілі. Солардың бірі – Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жанынан құрылған…

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

🔹Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Білім мен біліктілікті қатар ұштастырып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген жас мамандар ел болашағының жарқын кепілі. Солардың бірі – Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесінің төрағасы Әжбенов Ерасыл Құрманғалиұлы.

🌟 Ерасыл Әжбенов 1997 жылдың 22 қарашасында Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Оймауыт ауылында дүниеге келген. Бала күнінен білімге құштар болып өскен ол 2003-2015 жылдар аралығында С.Жиенбаев атындағы орта мектепте білім алып, мектеп қабырғасынан-ақ ізденімпаздығымен ерекшеленді.

📚 2015 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 2019 жылы аталған оқу орнын үздік дипломмен тәмамдады. Білімге деген құштарлығын одан әрі жалғастырып, 2021 жылы магистратураны аяқтап, филология ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін иеленді. Бүгінде педагог-модератор санатындағы білікті ұстаз ретінде жас ұрпақтың сапалы білім алуына үлес қосып келеді.

🎓 Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық Академиясында педагог-ұйымдастырушы қызметінен бастаған жас маман алғашқы күннен-ақ өз ісіне жауапкершілікпен қарап, шығармашылық қабілеті мен ұйымдастырушылық қасиетін таныта білді. Бұл кезең оның кәсіби қалыптасуына үлкен тәжірибе мектебі болды.

💡 2022 жылдан бастап Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде арнайы пәндер оқытушысы болып еңбек етіп келеді. Білім беру саласындағы жаңашыл бастамаларды қолдап, студенттердің кәсіби дамуына бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізіп жүрген ұстаз әріптестері арасында да жоғары беделге ие.

🏆 Ерасыл Әжбеновтің табысты еңбегі түрлі деңгейдегі байқауларда өз бағасын алды. Ол техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының инновациялық жұмыстары конкурсының облыстық кезеңінде ІІ орын иеленсе, республикалық байқауда І орынға қол жеткізіп, өңір мерейін асқақтатты. Бұл жетістіктер оның кәсіби шеберлігі мен үздіксіз ізденісінің айқын көрінісі.

🤝 Қазіргі таңда ол Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы жанындағы Жастар кеңесінің төрағасы ретінде жастардың бастамаларын қолдауға, олардың кәсіби және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды жұмыстар атқаруда. Жастардың мүддесін қорғау мен олардың дамуына жағдай жасау жолындағы еңбегі көпшілік тарапынан жоғары бағалануда.

🌱 Елдің ертеңі – білімді де білікті жастардың қолында. Осындай жауапты міндетті терең сезініп, білім мен қоғамдық қызметті қатар алып жүрген Әжбенов Ерасыл Құрманғалиұлы жас буынға үлгі боларлық тұлға. Оның еңбекқорлығы, ізденімпаздығы және көшбасшылық қасиеті болашақта бұдан да биік белестерді бағындыруына негіз болары сөзсіз. 

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности