+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ
Новости территориальных организаций 12 июня 2026

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ «Жас келсе – іске» деген халық даналығы Жасар Ерген Қалықбергенұлының өмір жолына дәл келеді… Жас болса да білім саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, кәсіби жетістіктерімен танылып жүрген ол бүгінде Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы…

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

🧩«Жас келсе – іске» деген халық даналығы Жасар Ерген Қалықбергенұлының өмір жолына дәл келеді… Жас болса да білім саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, кәсіби жетістіктерімен танылып жүрген ол бүгінде Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының Жастар кеңесіне жетекшілік етіп, жас педагогтардың белсенділігін арттыру жолында еңбек етіп келеді.

📑Жасар Ерген Қалықбергенұлы 2001 жылдың 22 маусымында Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылында дүниеге келген. Туған жердің топырағында өсіп, білім нәрімен сусындаған ол 2007-2018 жылдары Қарауылкелді орта мектебінде білім алды. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ тарих пәніне ерекше қызығушылық танытып, болашақ мамандығын айқындады.

📂2018 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тарих пәні мұғалімі мамандығына оқуға түсіп, студенттік жылдарын ізденіспен өткізді. Нәтижесінде 2022 жылы оқу орнын үздік дипломмен тәмамдап, туған өлкесіне қызмет етуді мақсат тұтты.

✅Сол жылы «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы Байғанин ауданына оралып, Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебінде еңбек жолын бастады. Алғашқыда жастар бағдарламасы аясында жұмысқа қабылданып, өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби біліктілігін дәлелдей білді. 2023 жылдың сәуір айынан бастап аталған білім ордасында тұрақты қызмет атқарып келеді.

📄Жас ұстаздың қысқа мерзімдегі жетістіктері оның еңбекқорлығы мен кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі. Ол халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі көптеген ғылыми-әдістемелік конференциялар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Әсіресе, тарих пәні мұғалімдері арасында өткен облыстық пәндік олимпиадаларда І орын мен Бас жүлде иеленуі жас маманның пәндік дайындығының жоғары екенін көрсетеді.

🖇️2026 жылы өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында аудандық және облыстық кезеңдерде ІІ орын алып, республикалық кезеңде де ІІ орыннан көрінуі – үлкен жетістік. Сонымен қатар «ZHAS PROJECT» облыстық жобалар байқауында жүлделі ІІІ орынды иеленіп, шығармашылық әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

✅Жасар Ерген Қалықбергенұлы қоғамдық жұмыстардан да шет қалған емес. Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының Жастар кеңесінің төрағасы ретінде жас педагогтардың бастамаларын қолдап, олардың кәсіби дамуына ықпал ететін іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысып келеді. Оның ұйымдастырушылық қабілеті мен белсенді азаматтық ұстанымы әріптестері арасында зор құрметке ие.

❇️Жас ұстаздың өмірлік ұстанымы – үздіксіз іздену, білімді жетілдіру және туған жерге адал қызмет ету. Өз ісінің шебері болуға ұмтылған, ел болашағын тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген Жасар Ерген Қалықбергенұлы сынды жас мамандардың жетістігі – білім саласының мерейі, ауданынның мақтанышы.

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности