+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ
Новости территориальных организаций 12 июня 2026

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ Қай кезеңде де жаңа идея мен нақты істің басында жастар жүреді. Бүгінде ауданның білім беру кеңістігінде жастармен жұмысты үйлестіріп, олардың кәсіби дамуына ықпал етіп жүрген белсенді мамандардың бірі, Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының…

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

🖇️Қай кезеңде де жаңа идея мен нақты істің басында жастар жүреді. Бүгінде ауданның білім беру кеңістігінде жастармен жұмысты үйлестіріп, олардың кәсіби дамуына ықпал етіп жүрген белсенді мамандардың бірі, Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының Жастар кеңесінің төрағасы – Гүлманат Сәлімжанқызы Тулеумұхамбетова.

🔆Гүлманат Тулеумұхамбетова 1991 жылдың 2 ақпанында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Талдысай ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Қандыағаш қаласындағы №1 орта мектепті тәмамдап, сол жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. 2012 жылы «География» мамандығы бойынша жоғары білім алып шығады.

📄Еңбек жолын Темір ауданындағы Кеңесту негізгі орта мектебінде бастаған ол кейін Қандыағаш қаласындағы №4 орта мектепте ұзақ жылдар қызмет атқарып, мол тәжірибе жинақтады. Педагогикалық қызмет барысында кәсіби біліктілігін шыңдап, «педагог-сарапшы» біліктілік санатын иеленді. Білім саласындағы табанды еңбегі мен кәсіби ізденісінің нәтижесінде бүгінде Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде әдіскер қызметін атқаруда.

📃Қазіргі таңда аудан көлемінде жастармен жұмыс бағытына жауапты маман ретінде жас педагогтардың кәсіби әлеуетін арттыру, олардың шығармашылық бастамаларын қолдау және тәжірибе алмасу алаңдарын ұйымдастыру ісіне белсенді атсалысып келеді. Жастар кеңесінің төрағасы ретінде де әріптестерін ортақ мақсатқа жұмылдырып, түрлі жобалар мен іс-шаралардың жүзеге асуына үлес қосуда.

📄Кәсіби біліктілігін үздіксіз жетілдіруді басты қағидаттарының бірі санаған Гүлманат Тулеумұхамбетова облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі байқауларға, семинарлар мен курстарға тұрақты қатысып келеді. Оның еңбегі әр жылдары жоғары бағаланып, бірқатар марапаттарға ие болды.

🖇️Атап айтқанда, 2021 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алғыс хатымен марапатталды. 2022 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған «Үздік сабақ жоспары» байқауында II дәрежелі дипломға, пәндік педагогикалық олимпиадада III дәрежелі дипломға ие болды. 2024–2026 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы, Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы, Мұғалжар аудандық білім бөлімі және басқа да мекемелер тарапынан Алғыс хаттармен, сертификаттармен марапатталды. Бұл марапаттар оның білім беру саласындағы нәтижелі еңбегі мен кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі.

📂Іскерлігімен, жауапкершілігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленетін Гүлманат Тулеумұхамбетова бүгінгі таңда ауданның білім саласындағы белсенді мамандарының бірі ретінде танылып келеді. Оның жастармен жүргізіп отырған жұмысы мен әдістемелік қызметі кәсіби ортада жоғары бағаланып, көптеген жас мамандарға үлгі болуда.

📜«Жас келсе – іске» деген нақылдың мәнін еңбегімен дәлелдеп жүрген Гүлманат Сәлімжанқызы – әдістемелік жұмыс пен жастарды қолдауды қатар алып жүрген білікті маман.

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности