+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ
Новости территориальных организаций 15 июня 2026

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ Ойыл ауданындағы білім беру саласында жас буын өкілдерінің белсенділігі мен кәсіби өсуі айқын байқалып келеді. Солардың қатарында аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының Жастар кеңесінің төрағасы, тәжірибелі педагог Сағынов Әбділда Қуатұлының орны…

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

🔲Ойыл ауданындағы білім беру саласында жас буын өкілдерінің белсенділігі мен кәсіби өсуі айқын байқалып келеді. Солардың қатарында аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының Жастар кеңесінің төрағасы, тәжірибелі педагог Сағынов Әбділда Қуатұлының орны бөлек. Ол мектептегі тәрбие жұмысы мен қосымша білім беру бағыттарын ұштастыра отырып, білім беру үдерісіне жаңа мазмұн беруге ұмтылып келеді.

▪️Әбділда Сағынов 1994 жылы Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Амангелді орта мектебін аяқтаған соң, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің көпсалалы колледжінде «Аударма ісі» мамандығын меңгеріп, кейін Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Екі шетел тілі» бағыты бойынша жоғары білім алды.

▫️Еңбек жолын 2014 жылы Жақсыбайкөл негізгі мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып бастаған жас маман 2016 жылдан бері Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінде қызмет етіп келеді. Осы аралықта ол тек пән мұғалімі ғана емес, тәрбие ісіне жауапты орынбасар, кейін аудандық оқушылар үйінің директорының міндетін уақытша атқарушы ретінде де басқарушылық тәжірибе жинақтады. Бүгінде қайтадан мектептегі тәрбие ісі бағытын үйлестіріп, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасауда.

🔸Әбділда Сағыновтың педагогикалық ізденісі мен тәжірибесі облыстық және республикалық деңгейде жоғары бағаланып келеді. Ол бірқатар ғылыми-практикалық семинарларда өз тәжірибесін бөлісіп, оқушыларды ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларға дайындауда нәтижелі еңбегімен танылды. Әр жылдары облыстық пәндік олимпиадада І орын, педагогикалық олимпиадада І дәрежелі диплом иеленіп, білім беру саласындағы кәсіби деңгейін нақты нәтижелермен дәлелдеді.

Сондай-ақ цифрлық технологияларды білім беруде тиімді қолдану, жасанды интеллект құралдарын педагогикалық үдерісте пайдалану бағытындағы жобаларға белсенді қатысып келеді. Ол облыстық білім басқармасы мен республикалық білім беру ұйымдарының, әдістемелік орталықтардың және кәсіподақ құрылымдарының Алғыс хаттарына ие болып, педагогикалық қауымдастықта өз орнын қалыптастырған.

🔘Қоғамдық жұмыс пен кәсіби қызметті қатар алып жүрген Әбділда Сағынов қазіргі таңда аудандық Жастар кеңесінің жұмысын үйлестіріп, жас педагогтардың кәсіби дамуына қолдау көрсетіп келеді. Ол үшін білім беру тек сабақ беру ғана емес, оқушы мен ұстаздың үздіксіз даму алаңы.

🔻Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, үнемі ізденіс үстінде жүретін жас маманның еңбегі аудан білім жүйесіндегі жаңашыл бағыттардың қалыптасуына ықпал етіп отыр. Оның тәжірибесі – кәсіби тұрақтылық пен жаңашыл ойдың үйлесімін көрсететін үлгі.

♦️Әбділда Сағыновтың еңбек жолы бір ғана маманның жетістігі емес, ауыл мектебінен басталып, кәсіби биікке ұласқан табанды ізденістің көрінісі. Бұл жол оның ғана емес, жас педагогтардың жаңа буынына бағыт берер тәжірибе ретінде бағалануда.

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности