+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ
Новости территориальных организаций 14 мая 2026

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ «Жас келсе – іске» деген нақыл сөз жас мамандардың бойындағы жігер мен мүмкіндіктің шексіз екенін білдіреді. Бұл ұғым әсіресе тәрбиеші мамандығында айқын көрініс табады. Себебі, балабақшадағы тәрбиеші – баланың алғашқы ұстазы, бағыт-бағдар берушісі, тұлға болып…

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

🔰«Жас келсе – іске» деген нақыл сөз жас мамандардың бойындағы жігер мен мүмкіндіктің шексіз екенін білдіреді. Бұл ұғым әсіресе тәрбиеші мамандығында айқын көрініс табады. Себебі, балабақшадағы тәрбиеші – баланың алғашқы ұстазы, бағыт-бағдар берушісі, тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін маңызды жан. Осындай талаптарға сай еңбек етіп, жас болса да бас болып жүрген мамандардың бірі – Мерей Елмұратқызы.

👩‍🏫 Мерей Елмұратқызы 1993 жылы 16 шілдеде Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Бала кезінен жауапкершілігі жоғары, білімге құштар болып өсті. Алғашқы білімін өзі туып-өскен өлкедегі Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназиясындағы дарынды балаларға арналған интернатта алды. Кейін №249 лицейде білімін жалғастырып, 2011 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне оқуға түсті.

📚 Еңбек жолын 2015 жылы Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылындағы «Айгөлек» бөбекжай-бақшасында әдіскер-психолог мамандығы бойынша бастады. Кейін өндірістік қажеттілікке сәйкес тәрбиеші қызметін атқарды. Қазіргі таңда осы балабақшада меңгерушінің міндетін атқарушы әрі әдіскер қызметін абыроймен атқарып келеді.

🏆 Мерейдің кәсіби жетістіктері де айтарлықтай. Ол «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты ұйымдастырған PedOlimp пәндік педагогика олимпиадасында I дәрежелі диплом иеленді. Сонымен қатар PedOlimp пәндік психология олимпиадасында II дәрежелі дипломмен марапатталды.

👏 Жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін өскелең ұрпақтың кемел келешегіне арнап, білім беру саласының дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ Ойыл аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Жыл үздігі – 2025» байқауында «Сапа мен талапты үйлестірген басшы» номинациясы бойынша диплом иегері атанды.

🌺 Мерей Елмұратқызының еңбек жолы – жас мамандарға үлгі. Өз ісіне деген жауапкершілігі, ізденімпаздығы мен балаларға деген ыстық ықыласы оның кәсіби биіктерден көрінуіне жол ашуда. Осындай жалынды жастар – еліміздің болашағының жарқын кепілі.

 

Ақтөбе облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности