+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ
Новости территориальных организаций 19 июня 2026

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ Ауыл мектебінде еңбек етіп жүріп, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып жүрген жастардың бірі – Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы Жастар кеңесінің төрағасы Байтөре Арайлым Нұрланқызы. Ол 2003 жылдың 21 қаңтарында Ақтөбе қаласында дүниеге…

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

🔰Ауыл мектебінде еңбек етіп жүріп, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып жүрген жастардың бірі – Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы Жастар кеңесінің төрағасы Байтөре Арайлым Нұрланқызы. Ол 2003 жылдың 21 қаңтарында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Мектеп қабырғасынан бастап қоғамдық өмірге белсенді қатысып, қазақ тілі мен әдебиетіне ерекше қызығушылық танытты. Осы қызығушылығы оны М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетіне жетелеп, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алуына негіз болды.

🔲Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы арқылы еңбек жолын бастап, бүгінде Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді. Жас ұстаз оқушыларға сапалы білім берумен қатар, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға үлес қосуда.

✔️Кәсіби және қоғамдық қызметтегі белсенділігі оның жетістіктерінен де көрініс табады. Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының Алғыс хатына, Хромтау ауданының 90 жылдығына арналған жастар форумының Алғыс хаты мен сертификатына, Қарғалы аудандық білім бөлімінің Алғыс хатына ие болды. Сонымен қатар «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» республикалық байқауының аудандық кезеңінде І дәрежелі диплом, облыстық кезеңінде «Кәсіби шебер педагог» номинациясын жеңіп алды. Облыстық педагогикалық олимпиадада ІІ дәрежелі диплом иеленіп, республикалық волонтерлік акцияға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

🖇️Байтөре Арайлым Нұрланқызы – білім беру мен қоғамдық қызметті қатар алып жүрген, ізденімпаз әрі жауапкершілігі жоғары жас маман. Оның еңбегі мен белсенділігі жас ұрпақ тәрбиесіне және қоғам дамуына қосылған нақты үлес болып табылады.

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности