+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ
Новости территориальных организаций 19 мая 2026

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ Еліміздің ертеңі – білімді ұрпақ тәрбиелейтін ұстаздардың қолында. Бүгінде жаңашыл ойы мен тынымсыз еңбегі арқылы шәкірт жүрегіне жол тауып жүрген жас педагогтардың бірі – Ұлықпанова Салтанат Ұлықпанқызы. Салтанат Ұлықпанова – 1994 жылдың 25 сәуірінде Ақтөбе…

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

📄Еліміздің ертеңі – білімді ұрпақ тәрбиелейтін ұстаздардың қолында. Бүгінде жаңашыл ойы мен тынымсыз еңбегі арқылы шәкірт жүрегіне жол тауып жүрген жас педагогтардың бірі – Ұлықпанова Салтанат Ұлықпанқызы.

🔰Салтанат Ұлықпанова – 1994 жылдың 25 сәуірінде Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылында дүниеге келген. Бала күнінен ұстаз болуды армандаған ол, сол мақсатына табандылықпен қадам жасап, 2016 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін «Химия пәні мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдады.

🖇️Қазіргі таңда, 2022 жылдан бастап, Соркөл орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді. Жас ұстаздың басты мақсаты – оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттырып, ғылымға құштар, ізденімпаз әрі білімді ұрпақ тәрбиелеу.

✔️Салтанат Ұлықпанова кәсіби шеберлігі мен үздіксіз ізденісінің арқасында бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, «Ізденіс жолы – 2025» облыстық байқауында химия пәні бойынша І орын иеленсе, «PedOlimp» ІІ республикалық пәндік олимпиадасында да І орынға лайық деп танылды. Сонымен қатар, химия пәні мұғалімдері арасында өткен облыстық пәндік олимпиадада ІІ орын иеленді.

📝Білім саласына қосқан үлесі мен дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы еңбегі үшін аудандық білім бөлімі тарапынан Алғыс хатпен марапатталды.

✅Ұстаз жетістігі – шәкірт жеңісімен өлшенеді. Салтанат Ұлықпанованың шәкірттері де түрлі білім бәйгелерінде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Атап айтсақ, 2–7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының аудандық кезеңінде жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, «Дарын» ғылыми жобалар байқауында ІІІ орын иеленіп, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде І орын, облыстық кезеңінде ІІ орынға қол жеткізді. Сондай-ақ, «Ақбота» зияткерлік олимпиадасында І және ІІ орындармен марапатталды.

▪️Ұлықпанова Салтанат Ұлықпанқызы – оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырып, олардың жан-жақты дамуына ықпал етіп жүрген білікті де ізденімпаз ұстаз.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности