+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ
Новости территориальных организаций 03 июля 2026

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ Жас болса да білім мен білікті қатар ұштастырып, шәкірт тәрбиесінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып келе жатқан ұстаздардың бірі – Қазалы ауданындағы Бердікен Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияның математика пәні мұғалімі Жадан Сәлімжан Абайұлы. Сәлімжан…

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

Жас болса да білім мен білікті қатар ұштастырып, шәкірт тәрбиесінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып келе жатқан ұстаздардың бірі – Қазалы ауданындағы Бердікен Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияның математика пәні мұғалімі Жадан Сәлімжан Абайұлы.

Сәлімжан Абайұлы 1999 жылы 8 наурызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша білім алып, кейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Математика педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураны үздік тәмамдады. 2022 жылдан бері өзі білім алған Бердікен Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияда еңбек етіп келеді.

Жас ұстаз қысқа уақыт ішінде кәсіби шеберлігімен танылып, аудандық және облыстық деңгейдегі педагогтердің кәсіби байқауларында жүлделі орындарға ие болып, түрлі білім беру жобалары мен әдістемелік іс-шараларда белсенділігімен көзге түсті. Өзінің үздіксіз ізденісі мен жаңашыл тәжірибесінің арқасында әріптестерінің құрметіне бөленіп келеді.

Ұстаздың ең үлкен жетістігі – шәкірттерінің табысы. Оның жетекшілігімен білім алған оқушылар аудандық, облыстық және республикалық пән олимпиадаларында, ғылыми жобалар мен математикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, мектептің мерейін асырып жүр. Шәкірттерінің жоғары нәтижелері жас ұстаздың кәсіби ізденісі мен сапалы еңбегінің нақты көрінісі.

Білім беру ісіне жауапкершілікпен қарап, әр оқушының қабілетін дамытуға бар күш-жігерін жұмсап жүрген Сәлімжан Абайұлы – жаңашыл көзқарасы, еңбекқорлығы және кәсіби шеберлігімен ерекшеленетін жас педагог. Осындай табысты еңбегімен ол «Жас келсе – іске» деген қанатты сөздің жарқын үлгісіне айналып келеді.

Қызылорда облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности