+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ
Новости территориальных организаций 20 апреля 2025

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ Білім мен жаңашылдықты серік еткен жас ұстаз – Мадина Асқарова. Бүгінгі жас маман – ертеңгі білімді ұрпақтың қалыптасуына тікелей ықпал ететін тұлға. Солардың қатарында ұстаздық жолды шын жүректен таңдап, шәкірт тәрбиесіне бар күш-жігерін арнап келе жатқан жас…

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

✏️Білім мен жаңашылдықты серік еткен жас ұстаз – Мадина Асқарова.

🔻Бүгінгі жас маман – ертеңгі білімді ұрпақтың қалыптасуына тікелей ықпал ететін тұлға. Солардың қатарында ұстаздық жолды шын жүректен таңдап, шәкірт тәрбиесіне бар күш-жігерін арнап келе жатқан жас педагог – Асқарова Мадина Бұхарбекқызы бар.

🔰Асқарова Мадина Бұхарбекқызы 1999 жылы Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінде дүниеге келген. 2017 жылы №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясын аяқтап, 2021 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін үздік бітірді. Бүгінде туған жеріндегі Шұбарқұдық гимназиясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде еңбек етіп келеді.

✅Жас ұстаз ретінде әр сабағын мазмұнды, жаңашыл бағытта өткізуге тырысады. Ол оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруда, тәрбие мен оқытуды ұштастыруда, әдістемелік ізденісте үздіксіз еңбек етіп келеді. Өз ісіне жоғары жауапкершілікпен қарап, кәсіби өсу жолында да табысты қадамдар жасауда.

▫️Жас маман бола тұра Мадина Бұхарбекқызы қысқа уақыт ішінде бірқатар кәсіби жетістіктерге қол жеткізді. Ол «Дарынды балаға – талантты ұстаз» педагогикалық идеялар байқауының облыстық кезеңінде І орынды иеленіп, республикалық кезеңінде жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының аймақтық кезеңінде ІІІ орынды жеңіп алды. «Үздік ашық сабақ» атты республикалық педагогикалық байқауда да І орынды иеленіп, кәсіби біліктілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

⚜️Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған педагогикалық олимпиадада І орынға ие болып, тәжірибелі мамандармен қатарлас тұрғанын көрсетті. Назарбаев Зияткерлік мектептері өткізген облыстық конференцияда сабақ зерттеу тәжірибесімен бөлісіп, Алғыс хатпен марапатталды. Сонымен бірге Республика күніне орай Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарынан, сондай-ақ облыстық білім басқармасынан бірнеше мәрте Алғыс хаттар алып, еңбегі жоғары бағаланды.

🔘«Jastar Alany» облыстық жас педагогтар кездесуіне қатысып, жас мамандар арасында белсенділік танытты. Сонымен қатар «Қазақстан педагогтарының тәжірибесі» атты ҮІІ өңірлік конференцияда зерттеу жұмысы негізінде баяндамасын ұсынып, арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

💫Оқушылары да түрлі деңгейдегі білім сайыстары мен олимпиадалардың жеңімпаздары атанып келеді. Бұл – ұстаз еңбегінің нәтижесі.

📚Білімге құштар, шәкіртіне жанашыр, мамандығына адал Мадина Асқарова – болашағынан үлкен үміт күттіретін жас ұстаз. Осындай талапты да талантты жастар – еліміздің жарқын келешегінің кепілі.

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ
ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ
ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности