+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ
Новости территориальных организаций 05 мая 2025

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ Болашағынан үміт күттіретін жас педагог – Ғайша Мукушева. Ұстаздық – ұлы мамандық. Бұл жолды жүрек қалауымен таңдаған Мукушева Ғайша Нұрланқызы – білімі мен жаңашылдығы арқылы көзге түсіп жүрген жас маман. Ол 2001 жылы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш…

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

♻️Болашағынан үміт күттіретін жас педагог – Ғайша Мукушева.

📝Ұстаздық – ұлы мамандық. Бұл жолды жүрек қалауымен таңдаған Мукушева Ғайша Нұрланқызы – білімі мен жаңашылдығы арқылы көзге түсіп жүрген жас маман. Ол 2001 жылы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында дүниеге келген. Ұстаздар әулетінде тәрбиеленген Ғайша бала жастан ұстаз болуды армандап өсті.

🖇️2018 жылы Қандыағаш қалалық №2 мектепті үздік тәмамдап, Ақтөбедегі С.Бәйішев университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алды. 2022 жылы жоғары оқу орнын сәтті аяқтап, Қандыағаш қаласындағы №3 мектеп-гимназиясында еңбек жолын бастады.

🗞️Ғайша Нұрланқызы еңбек жолын бастаған сәттен-ақ белсенділігімен және кәсіби шеберлігімен көзге түсті. Ол түрлі деңгейдегі байқаулар мен кәсіби іс-шараларға қатысып, бірнеше мәрте марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, ол Мұғалжар ауданы әкімінің Алғыс хатына, Ақтөбе облыстық “Дарын” өңірлік орталығының Құрмет грамотасына ие болды. Сонымен қатар, “Үздік Жас Ұстаз – 2023” номинациясының жеңімпазы атанып, “Үздік педагог – 2024” байқауында жүлделі II орынды иеленді. Облыстық дебат жетекшілері арасындағы сайыста да жүлделі II орынды қанжығасына байлады. Бұған қоса, 2024 жылы “Ұшқын” жас ұстаздар клубының төрағасы болып сайланып, жас педагогтардың көшбасшысына айналды.

📚Қазіргі таңда Ғайша Мукушева туған жеріндегі білім беру саласына өз үлесін қосып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге бар күшін жұмсап келеді.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности