+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ
Новости территориальных организаций 08 сентября 2025

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданындағы «Самал» бөбекжай-бақшасының тәжірибелі де абыройлы тәрбиешісі Төлеуғали Арайлым Жанатқызы – өз ісіне адалдығымен, жауапкершілігімен, балаларға деген шексіз сүйіспеншілігімен танылған жас мамандардың бірі. Арайлым Жанатқызы…

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

🧩Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданындағы «Самал» бөбекжай-бақшасының тәжірибелі де абыройлы тәрбиешісі Төлеуғали Арайлым Жанатқызы – өз ісіне адалдығымен, жауапкершілігімен, балаларға деген шексіз сүйіспеншілігімен танылған жас мамандардың бірі.

🔰Арайлым Жанатқызы 2015 жылы қыркүйек айында еңбек жолын «Самал» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші болып бастады.

🗞️Бүгінде ол аталмыш мекемеде он жылдан бері үздіксіз қызмет атқарып келеді. Өз ісін жетік меңгерген, іскер де білікті маман ретінде танылған. Мінезі қарапайым, еңбекқор әрі ұжымда беделді. Әріптестерімен және ата-аналармен тіл табыса біледі, жас мамандарға үнемі қолдау көрсетіп, тәжірибесімен бөліседі.

🔸Арайлым Төлеуғалидің басты мақсаты – бүлдіршіндердің шығармашылық қабілетін шыңдау, өзіндік танымдық дағдыларын дамытып, сапалы білім беруге жол ашу.

📖Кәсіби шеберлігі мен еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол кәсіби шеберлігімен танылып, түрлі деңгейдегі байқаулар мен семинарларда жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, Мұғалжар ауданының білім бөлімінен бірнеше мәрте Алғыс хат иеленіп, аудандық «Үздік вариатив» байқауында жүлделі орынға ие болды. Сондай-ақ облыстық олимпиадада үздіктер қатарынан көрініп, республикалық «Абай оқулары» шығармашылық байқауында шәкірт тәрбиелегені үшін марапатталды. Республикалық «Педагог – шығармашыл тұлға» сайысында І дәрежелі дипломға қол жеткізсе, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен де марапатталды.

✏️Өз ісіне берілген, кәсіби шеберлігін ұдайы жетілдіріп отыратын Арайлым Жанатқызы өскелең ұрпаққа өнеге боларлық тәрбиеші. Ол – «Жас келсе – іске» деген қағиданы ісімен дәлелдеп келе жатқан жас маман.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности