+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ
Новости территориальных организаций 12 октября 2025

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ Мұғалім – адамзат қоғамындағы ең құрметті де, киелі мамандық иесі. Ол – тек білім беруші ғана емес, шәкірттің жүрегіне жол тауып, өмірге бағыт сілтейтін тұлға. Ал, нағыз ұстаз – болашаққа жарық сәуле шашқан шамшырақ, ізгілік пен мейірімнің бастауы. Осындай…

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

✅Мұғалім – адамзат қоғамындағы ең құрметті де, киелі мамандық иесі. Ол – тек білім беруші ғана емес, шәкірттің жүрегіне жол тауып, өмірге бағыт сілтейтін тұлға. Ал, нағыз ұстаз – болашаққа жарық сәуле шашқан шамшырақ, ізгілік пен мейірімнің бастауы. Осындай қасиеттердің барлығын бойына сіңірген педагогтардың бірі – Темір ауданындағы №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Нұрмұқан Сандуғаш Мақсатқызы.

🗞️Сандуғаш Нұрмұқан 2012 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін тәмамдап, туған жеріндегі №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс жалпы білім беретін мектебіне ұстаз болып орналасты. Содан бері ол өз мамандығына деген сүйіспеншілігін жоғалтпай, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп келеді.

✏️Жас маман ретінде еңбек жолын бастаған Сандуғаш Нұрмұқан бүгінде тәжірибелі ұстаз, өз ісінің шебері атанып отыр. Ол аудандық, облыстық, тіпті республикалық деңгейдегі түрлі жетістіктерге қол жеткізіп, білім беру саласындағы үздіктердің қатарынан көрініп жүр. Сондай-ақ, өз тәжірибесімен бөлісіп, аудан көлемінде өткізілетін семинарлар мен шебер-сыныптардың тұрақты қатысушысы әрі ұйымдастырушысы. “Үйрете жүріп, өзім де үйренемін” деген қағиданы берік ұстанған ол – үздіксіз ізденістің, жаңашылдықтың жарқын үлгісі.

📝Сандуғаш Мақсатқызының шәкірттері де талай білім додаларында топ жарып келеді. Олар Махамбет, Абай, Әбіш, Қадыр оқулары, облыстық пәндік олимпиадалар, “Мың бала”, “Ақберен”, “Жарқын болашақ” сияқты қазақ тілі мен әдебиетіне арналған байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жүр. Бұл жетістіктер – ұстаздың адал еңбегінің, төккен терінің, ізгі ниетінің жемісі.

🧩Шәкірт жетістігін өз жетістігі санайтын ұстаздың болашаққа деген сенімі зор, мақсаты айқын. Ол үшін “Жас келсе – іске” деген ұстаным өмірлік қағидаға айналған. Білім беру жолында аянбай еңбек етіп жүрген осындай жас ұстаздар барда ұлттың болашағы да нұрлы болмақ.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности