+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ
Новости территориальных организаций 22 октября 2025

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ Ұстаздық – мамандық атаулының ең абыройлысы әрі жауаптысы. Заманауи білім беру жүйесінде шәкірт тәрбиелеу ісі жаңашылдық пен ізденісті талап етеді. Себебі, бүгінгі қоғам – бәсеке заманы, ал бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу үшін ұстаз да уақыт талабына сай…

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

✏️Ұстаздық – мамандық атаулының ең абыройлысы әрі жауаптысы. Заманауи білім беру жүйесінде шәкірт тәрбиелеу ісі жаңашылдық пен ізденісті талап етеді. Себебі, бүгінгі қоғам – бәсеке заманы, ал бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу үшін ұстаз да уақыт талабына сай болуы тиіс. Осындай ұлы міндетті абыроймен атқарып жүрген ұстаздардың бірі – Шалқар қаласындағы №6 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманбаев Айдын Аманбайұлы.

📚Айдын Аманбаев еңбек жолын 2019 жылы бастаған, сол жылдан бері мектепте абыройлы қызмет етіп келеді. Сонымен қатар, ол білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі ретінде де танылған.

📑Айдын Аманбайұлы – аудан жастары арасында да белсенді азаматтардың бірі. Еңбегі мен қоғамдық белсенділігі ескеріліп, 2020 жылы «Республикалық үздік жас маман», «Үздік волонтер» және «Үздік жас сақшы» төсбелгілерімен, А.Байтұрсынұлы атындағы IV республикалық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталған. 2022 жылы облыс әкімі «Үздік көшбасшы» номинациясы бойынша дипломын иеленіп, облыстық пәндік олимпиадада ІІ орынға ие болды. Ал 2024 жылы аудандық «Үздік жас маман – 2024» байқауында бас жүлдені жеңіп алды.

📄Бүгінде Айдын Аманбаев туған жеріндегі білім беру саласының дамуына өз үлесін қосып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге бар күш-жігерін жұмсап келеді. Ізденімпаз, еңбекқор, жаңашыл ұстаздың басты мақсаты – қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, білімді, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности