+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ
Новости территориальных организаций 23 октября 2025

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ «Жас келсе – іске» деген сөздің өміршеңдігін дәлелдеп жүрген жас ұстаздардың бірі – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Талдысай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі, робототехника жетекшісі Тасмағамбетова Гүлдария Ғалымқызы. Гүлдария Тасмағамбетова — Ақтөбе облысы…

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

✏️«Жас келсе – іске» деген сөздің өміршеңдігін дәлелдеп жүрген жас ұстаздардың бірі – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Талдысай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі, робототехника жетекшісі Тасмағамбетова Гүлдария Ғалымқызы.

📚Гүлдария Тасмағамбетова — Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қосөткел ауылында дүниеге келген. Кішкентайынан білімге құштар, зерек, ізденімпаз болып өскен ол туған ауылындағы Қосөткел негізгі мектебін үздік аяқтап, кейін Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Математика және информатика» мамандығын меңгерді. Одан кейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Информатика пәні мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдап, өз кәсібін үлкен сүйіспеншілікпен жалғастырып келеді.

✅Бүгінде ол – өз ісіне адал, жаңашылдыққа ұмтылатын, үнемі ізденіс үстіндегі білікті педагог. Гүлдария Ғалымқызының шәкірттері түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларда табысқа жетіп жүр.

2025 жылы Астана қаласында өткен робототехникадан республикалық сайыста жүлделі орынға ие болып, оқушыларымен бірге Түркия еліне жолдама ұтып алғаны — соның айқын дәлелі.

📜Сонымен қатар, ол облыстық деңгейдегі шебер-сыныптарда «Білім беру саласында робототехниканы қолдану» тақырыбында баяндама жасап, Алғыс хатпен және Құрмет грамотасымен марапатталған. «Ақылды құрылғыларды пайдалану» көрмесінің жетекшісі ретінде де өзінің кәсіби шеберлігін таныта білді. Сондай-ақ Astana Tech Cup чемпионатына қатысып, инновациялық идеяларымен көзге түсті.

📃Гүлдария Тасмағамбетова — тек өз ісінің маманы ғана емес, сонымен қатар жас ұрпаққа шабыт сыйлайтын, әріптестерімен тәжірибе бөлісіп, үздік педагогикалық әдістерді тәжірибеге енгізіп жүрген жаңашыл ұстаз. Ұжым арасында беделді, оқушылар мен ата-аналардың сеніміне ие, сабырлы да талапшыл маман.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности