+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ
Новости территориальных организаций 30 октября 2025

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ Қай заманда да ұлттың рухани өрлеуі мен мәдени дамуының тірегі – ұстаз. Ал бүгінгі қоғамның талапшыл, жаңашыл ұрпағын тәрбиелейтін басты күш – білім мен ізденіске құштар жас педагогтар. Осындай алғыр да адал жас ұстаздардың бірі – Темір ауданы Шұбарқұдық…

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

✅Қай заманда да ұлттың рухани өрлеуі мен мәдени дамуының тірегі – ұстаз. Ал бүгінгі қоғамның талапшыл, жаңашыл ұрпағын тәрбиелейтін басты күш – білім мен ізденіске құштар жас педагогтар. Осындай алғыр да адал жас ұстаздардың бірі – Темір ауданы Шұбарқұдық гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жас маман Байзақ Өмірзақ Аққалиұлы.

🗞️Өмірзақ Байзақ 2002 жылдың 22 наурызында Темір ауданының Қопа ауылында дүниеге келген. 2008-2019 жылдар аралығында Қопа жалпы білім беретін орта мектебінде білім алып, оқу озаты атанып, мектепті алтын белгімен аяқтады. Білімге деген ерекше ынта-жігерін жоғалтпаған жас түлек жоғары оқу орнында да үздік жетістіктерге қол жеткізді. Ол 2019-2023 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің филология факультетінде оқып, оқуын үздік дипломмен тәмамдады.

🗞️Бүгінде екі жылдық еңбек өтілі бар жас ұстаз өзінің білім мен тәрбиені ұштастыра білетіндігімен, шығармашылық әлеуетімен және шәкіртке деген жанашырлығымен көзге түсіп келеді. «Ұстаздың сөзі – игі істің басы» деген ұстанымды берік ұстанған Өмірзақ Аққалиұлы түрлі білім сайыстарында, жыр мүшәйраларында жеңіске жетіп, өзінің ақындық, шешендік қырын танытып жүр.

✏️Шәкірттерінің де жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі. Оның тәрбиелеп отырған оқушылары аудандық, облыстық деңгейдегі байқауларда үздік нәтиже көрсетіп келеді. Мәселен, шәкірті Бақдәулет Жеңісов өткен жылы облыстық «Бала би – 2024» байқауында Бас жүлде иегері атанса, жуырда өткен «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңінде І орынды иеленіп, республикалық сайысқа жолдама алды.

✨Осындай табандылық пен талапшылдық, білімге деген құштарлық пен шәкіртке деген шынайы қамқорлық – нағыз ұстазға тән қасиеттер. Байзақ Өмірзақ Аққалиұлы – бүгінгі жас мамандарға үлгі боларлық тұлға. Ол өз еңбегімен, білімімен және адами қасиеттерімен ел ертеңін тәрбиелеуге өз үлесін қосып келеді.

❇️Болашағынан зор үміт күттіретін жас ұстазға шығармашылық табыс, биік белестер мен шәкірттерінің асқан жетістігіне куә болар ұзақ ғұмыр тілейміз.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности