+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ
Новости территориальных организаций 11 ноября 2025

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ Қазіргі білім беру жүйесінде жас ұстаздардың орны ерекше. Олар – заманауи білім мен жаңа технологияларды меңгерген, оқыту үдерісіне тың серпін әкелетін, шығармашыл әрі жаңашыл мамандар. Осындай жас мамандардың бірі – Қобда ауданы Қаракемер негізгі мектебінің…

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

📚Қазіргі білім беру жүйесінде жас ұстаздардың орны ерекше. Олар – заманауи білім мен жаңа технологияларды меңгерген, оқыту үдерісіне тың серпін әкелетін, шығармашыл әрі жаңашыл мамандар. Осындай жас мамандардың бірі – Қобда ауданы Қаракемер негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әмірғали Жанар Орынбасарқызы.

🗞️Жанар Әмірғали еңбек жолын бастағаннан бері төрт жыл ішінде ол өз ісіне адалдығымен, кәсібіне деген сүйіспеншілігімен және үздіксіз ізденісімен ерекшеленіп келеді.

📃Жас педагогтың еңбегі аудандық, облыстық және республикалық деңгейде жоғары бағаланған. Ол бірнеше жыл қатарынан қазақ тілі пәні мұғалімдері арасындағы облыстық пәндік олимпиаданың жеңімпазы атанып, «Заманауи педагог», «Ең үздік көшбасшы», «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» және «Педагогикалық идеялар фестивалі» сияқты кәсіби байқауларда жүлделі орындарға ие болды.

📝Жанар Әмірғалидың педагогикалық ізденістері мен тәжірибесі аудандық, облыстық және халықаралық ұйымдардың Алғыс хаттарымен марапатталған. Атап айтқанда, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Алғыс хат, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының және Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының Алғыс хаттары – оның еңбегінің айғағы.

📃Жас ұстаз тек тәжірибелі педагог қана емес, сонымен қатар зерттеуші ғалым ретінде де танылып келеді. 2023 жылы ол «Қазақ, қырғыз, түрік тілдеріндегі фразеологизмдердің семантикалық сипаты» атты еңбегі үшін авторлық куәлік иеленді. Ал 2024 жылы «Қазақ–Түрік тілдері ортақ лексикасының салыстырмалы сөздігі» еңбегі IPR SMART және E-UNI.KZ цифрлық платформаларында жарияланып, ғылыми қауымдастықтың назарын аударды. Сонымен қатар, ол түрлі халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға қатысып, мақалаларын ғылыми басылымдарда жариялап жүр.

🖇️Жанар Орынбасарқызының шәкірттері де түрлі деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларда үздік нәтиже көрсетіп келеді. «Мағжан оқулары», «Абай әлемі», «Махамбет оқулары», «Ілияс Жансүгіров оқулары» сияқты республикалық байқаулардың аудандық кезеңдерінде, сондай-ақ «Жұбановтар әлемі», «Ақтөбе – менің сүйікті қалам» облыстық байқауларында және аудандық шығармашылық сайыстарда жүлделі орындарға ие болған.

✅Әмірғали Жанар Орынбасарқызы – кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп, оқушылардың тіл мәдениеті мен рухани дүниесін байытуға зор үлес қосып жүрген жаңашыл ұстаз. Оның табанды еңбегі мен ізденісі жас педагогтарға үлгі, ал шәкірттеріне шабыт көзі.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности