+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ
Новости территориальных организаций 13 ноября 2025

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ Қазіргі заман – жаңашылдық пен ізденістің дәуірі. Осы кезеңде білім беру саласына тың леп әкеліп, жаңа көзқарас, жаңа әдіс қалыптастырып жүрген жас ұстаздар қатары артып келеді. Солардың бірі – Ақтөбе облысының Шалқар қаласындағы №8 жалпы орта білім беретін…

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

✅Қазіргі заман – жаңашылдық пен ізденістің дәуірі. Осы кезеңде білім беру саласына тың леп әкеліп, жаңа көзқарас, жаңа әдіс қалыптастырып жүрген жас ұстаздар қатары артып келеді.

✳️Солардың бірі – Ақтөбе облысының Шалқар қаласындағы №8 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, шығармашыл ұстаз, тіл жанашыры Мапутова Мәншүк Амантайқызы.

📎Мәншүк Мапутова 1994 жылы Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. Анасының ұстаздық жолын жалғаған ол бала күнінен ұстаз болуды армандап өсті. 2011 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне түсіп, қазақ тілі мен әдебиетінің қыр-сырын меңгеріп, 2014 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығын тәмамдайды. Алғашқы еңбек жолын өзі түлеп ұшқан І.Үргенішбаев атындағы орта мектептен бастап, қазіргі уақытта №8 мектеп-гимназияда жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп келеді.

🔆Мәншүк Мапутова – уақыт талабына сай, заманауи технологияларды еркін меңгерген, білім мен руханиятты ұштастыра білген ұстаз. Әр сабағын шығармашылық шеберханаға айналдырып, оқушыларды ойлануға, ізденуге, пікір айтуға баулиды. Оның әр сабағы – тек білім көзі емес, рухани тәрбие мен адамгершіліктің ордасы.

📝Ұстаздың шәкіртпен тіл табысып, оның жүрегіне жол таба білуі – нағыз шеберлік. Бұл қасиет Мәншүк Амантайқызының бойында айқын көрініс тапқан. Ол әр баланың жан дүниесін түсініп, бойындағы мүмкіндігін аша біледі. «Білім беру – жай ғана ақпарат жеткізу емес, жүрекпен сезініп, жанға шырақ жағу» деген ұстанымды өмірлік қағидасына айналдырған.

🖇️Жас ұстаздың еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша облыстық педагогикалық олимпиадада І орын, облыстық эссе жазу байқауында ІІ орын иеленген. Сонымен қатар оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту бағытында өткізілген облыстық семинар-тренингтерде жоғары кәсіби шеберлік танытып, бірнеше Алғыс хаттармен марапатталған. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған облыстық семинарда тәжірибесімен бөлісіп, әріптестері арасында зор құрметке ие болды.

✔️Мапутова Мәншүк Амантайқызы үшін ұстаздық – тек мамандық емес, жүрек қалауы. Ол әр сабағында шәкірттің өмірге деген қызығушылығын арттырып, арман мен мақсатқа жетелейді. Шәкірттеріне тек білім ғана емес, адамдық қасиет, рухани тазалық, мейірім мен ізгілікті дарыту – оның басты мұраты.

✏️Жас ұстаздың бойындағы жігер мен жалын, білім мен ізденіс, махаббат пен мейірім – болашаққа деген сенімнің көрінісі. Осындай ұстаздар барда қазақ мектебінің мәртебесі биіктеп, ұлттың рухани қуаты арта бермек.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности