+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ
Новости территориальных организаций 01 декабря 2025

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ Жастар – ел ертеңінің алтын діңгегі. Бүгінгі қоғамның дамуы мен рухани жаңғыруы олардың ілім-білімге, өнерге, талап пен ізденіске деген құштарлығына байланысты. Осындай жігерлі де қабілетті жас мамандардың бірі – Тәжібай Ердәулет Нұрмұқанұлы. Ердәулет Тәжібай…

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

📑Жастар – ел ертеңінің алтын діңгегі. Бүгінгі қоғамның дамуы мен рухани жаңғыруы олардың ілім-білімге, өнерге, талап пен ізденіске деген құштарлығына байланысты. Осындай жігерлі де қабілетті жас мамандардың бірі – Тәжібай Ердәулет Нұрмұқанұлы.

📚Ердәулет Тәжібай ұлттық өнерді кәсіби деңгейде меңгеруге деген талпынысы оны 2016–2020 жылдары Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына жетеледі. Консерваторияны тәмамдаған жас маман 2020 жылдан бастап Темір ауданы Шұбарқұдық балалар музыка мектебіне домбыра пәнінің мұғалімі болып қабылданды.

📃Ұстаздың мектеп ішіндегі белсенділігі мен кәсібіне деген адалдығы түрлі байқаулардан көрініс тапты. 2023 жылы “Болашақ иесі – жас маман” сайысында бас жүлде иеленіп, 2024 жылы “Үздік жас маман – 2024” байқауында да бірінші орыннан көрінді. 2025 жылы да осы аталымда үздік деп танылып, үшінші рет қатарынан бас жүлдені иемденді.

🖇️Ердәулет Тәжібай кәсіби жетістіктерінің ішінде шәкірт тәрбиелеу бағытындағы табыстары ерекше орын алады. 2021 жылы XVIII республикалық “Ақкөгершін” байқауында дайындаған оқушысы жоғары нәтижеге жетіп, өзі “Үздік ұстаз” дипломымен марапатталды. Сол жылы “Талантты жастар” республикалық байқауында шәкірт баптағаны үшін “Үздік жетекші” атағын алды. 2022 жылы білім бөлімі тарапынан еңбегі бағаланып, алғыс хатпен марапатталды және облыстық педагогикалық олимпиадада бірінші дәрежелі диплом иеленді. 2024 жыл да Ердәулет Тәжібай үшін жемісті болды. Ұлттық домбыра күніне орай Темір аудандық мәдениет бөлімі тарапынан Алғыс хат берілді. Сонымен қатар “Біз Отанның ұланымыз” республикалық байқауына шәкірт дайындап, Алғыс хат алды.

🗞️Бүгінде Ердәулет Нұрмұқанұлы – ұлттық өнерді жас буынға жанашырлықпен жеткізіп, шәкірттің жүрегіне домбыраның қоңыр үнін сіңіріп жүрген талапты ұстаз. Жас келсе – іске дегендей, Ердәулет сияқты еңбекқор жастардың арқасында ұлттық өнердің көкжиегі кеңейіп, оның мәңгілік өміршеңдігіне деген сенім нығая түспек.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности