+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ
Новости территориальных организаций 10 декабря 2025

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ Білім беру кеңістігі үнемі жаңашылдық пен дамуды қажет етеді, ал осы өзгерістерді алға жетелейтін талапты да ізденімпаз жас мамандар. Солардың қатарында өз кәсібіне адалдық пен жаңашылдықты ұштастыра білген Ырғыз ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін…

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

📝Білім беру кеңістігі үнемі жаңашылдық пен дамуды қажет етеді, ал осы өзгерістерді алға жетелейтін талапты да ізденімпаз жас мамандар. Солардың қатарында өз кәсібіне адалдық пен жаңашылдықты ұштастыра білген Ырғыз ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жайман Мөлдір Нағымқызы бар.

🗞️ Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында

дүниеге келген Мөлдір Нағымқызы бала кезінен филология саласына қызығушылық танытып, 2013 жылы Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға түседі. Ол бұл жоғары оқу орнын абыроймен тәмамдап, алған білімін туған өңірінде ұрпақ тәрбиесіне арнауды жөн көреді.

📖Бүгінде еңбек өтілі жеті жылға жеткен жас маман Ы.Алтынсарин атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беріп, заманауи педагогикалық әдістерді тиімді қолданатын білікті ұстаз ретінде танылып жүр. Ол жасанды интеллект технологияларын оқыту үдерісіне орынды енгізіп, сабақ сапасын арттыруда тың тәсілдерге жүгінетін жаңашыл педагог.

🧩Мөлдір Жайман кәсіби жетістіктері де назар аударарлық. Ол аудандық және облыстық олимпиадалардың жеңімпазы атанып, облыстық «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» байқауында II орын иеленді. Сондай-ақ Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының білім саласындағы нәтижелі еңбегі үшін алғыс хатын алып, облыстық семинарларда тәжірибе бөліскені үшін бірнеше рет марапатталды.

📎Жас ұстаз оқушылардың тілдік және функционалдық сауаттылығын дамытуға ерекше мән береді. Сабақ барысында шығармашылық қабілетті өрістетуді, ойлау мәдениетін қалыптастыруды, көркем мәтінді терең талдай білу дағдыларын дамытуды басты мақсат етіп қояды. Осындай еңбекқорлығы мен ізденімпаздығы арқылы Мөлдір Нағымқызы бүгінгі білім беру үдерісінің жаңа талаптарына сай келетін, кәсіби шеберлігімен ерекшеленетін жас мамандардың жарқын үлгісі болып отыр.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности