+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ
Новости территориальных организаций 16 марта 2026

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ Жас ұстаз – ел болашағын тәрбиелейтін, білім мен өнерді ұштастыра отырып, шәкірт санасына жол таба білетін тұлға. Осындай талапқа сай, өз ісіне адал, ізденімпаз педагогтардың бірі – Тәжімағанбетова Ақбота Толикқызы. Ақбота Тәжімағанбетова - 1992 жылы Ақтөбе…

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

📂Жас ұстаз – ел болашағын тәрбиелейтін, білім мен өнерді ұштастыра отырып, шәкірт санасына жол таба білетін тұлға. Осындай талапқа сай, өз ісіне адал, ізденімпаз педагогтардың бірі – Тәжімағанбетова Ақбота Толикқызы.

📗Ақбота Тәжімағанбетова - 1992 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ебейті ауылында дүниеге келген. Қопа орта мектебін тәмамдаған соң, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Музыкалық білім» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

🖇️Еңбек жолын 2018 жылы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылындағы Б.Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебінде бастап, бүгінде «Ән салу» сыныбының ұстазы ретінде қызмет атқарып келеді. Жалпы еңбек өтілі – 8 жыл.

📃Жас маман алғашқы күннен-ақ кәсіби шеберлігімен танылып, шәкірттерінің жетістігі арқылы өз еңбегінің нәтижесін дәлелдеп келеді. Оның оқушылары облыстық, республикалық және телевизиялық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, «Бала дауысы», «Қазақстан дауысы» балалар жобалары мен «Жас толқын» республикалық байқауында жоғары деңгейде өнер көрсетті.

📝Ақбота Тәжімағанбетова тек ұстаз ретінде ғана емес, өнерпаз ретінде де белсенді. Ол облыстық және республикалық деңгейдегі «Ақбұлақ», «Елім менің», «Әуелейді Шәмші әні», «Қазақтың Ақбаяны», «Егемен ел әуені», «Қобданың ақ таңы», «Қазақстаным – ардақты мекенім», сондай-ақ «Ақмаңдайлым», Орал Қосай Байсеңгір атындағы және «Жем-Сағыздың ән самалы» байқауларында жүлделі орындарға, соның ішінде І орынға ие болған.

🌟Тәжімағанбетова Ақбота Толикқызы үшін ұстаздық жай ғана мамандық емес, бұл жүрек қалауымен таңдалған өмірлік жол. Өз ісіне деген жауапкершілігі мен өнерге деген сүйіспеншілігі оны үнемі алға жетелеп, жаңа жетістіктерге жетуге жігерлендіреді. Осындай ізденімпаздығы мен табандылығының арқасында Ақбота Толикқызы жас ұрпақтың шығармашылық дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности