+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС КЕЛСЕ — ІСКЕ
Новости территориальных организаций 02 апреля 2026

ЖАС КЕЛСЕ — ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ — ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ — ІСКЕ Білім мен парасатты өмірлік ұстанымына айналдырып, шәкірт санасына нұр құюды мақсат еткен шалқарлық жас ұстаздардың бірі – Ермекова Райкүл Әбимоллақызы. Райкүл Ермекова — 1996 жылы 28 маусымда Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. 2014 жылы №6 жалпы…

ЖАС КЕЛСЕ — ІСКЕ

✅Білім мен парасатты өмірлік ұстанымына айналдырып, шәкірт санасына нұр құюды мақсат еткен шалқарлық жас ұстаздардың бірі – Ермекова Райкүл Әбимоллақызы.

📃Райкүл Ермекова — 1996 жылы 28 маусымда Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. 2014 жылы №6 жалпы орта мектебін тәмамдады. Мектепті бітірген соң Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне оқуға түсіп, математика пәнінің мұғалімі мамандығын бітірді. Жоғары оқу орнында жинаған білімі мен кәсіби даярлығы оның білікті маман болып қалыптасуына негіз болды.

🔳Еңбек жолын өзі білім алған қара шаңырақтан бастауы – жас ұстаз үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Бүгінде ол сол мектепте ұстаздық қызмет атқарып, шәкірт тәрбиелеуде табандылық пен шығармашылық танытып келеді.

🧩Қысқа уақыт ішінде Райкүл Ермекова кәсіби тұрғыда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Ол 2023 жылы аудандық «Жас маман» байқауында ІІІ орын, 2024 жылы облыстық «Үздік жас маман» байқауында ІІІ орын иеленді. Сондай-ақ 2026 жылғы аудандық «Математикалық регатада» жүлделі ІІІ орын алып, білім сайыстарында өзінің жоғары деңгейін көрсетті. Облыстық және республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадаларда да жүлдегер атанып, үздік нәтижелерге қол жеткізуде.

📚Ұстаз жетістігінің басты өлшемі – шәкірт табысы десек, бұл тұрғыда да жас мұғалімнің еңбегі жемісті. Оның оқушылары аудандық пәндік олимпиадаларда І орын иеленіп, облыстық кезеңдерде жүлделі орындарға қол жеткізіп, түрлі білім сайыстарында топ жарып жүр. Бұл – ұстаз бен шәкірт арасындағы тығыз байланыстың, жүйелі еңбектің айқын көрінісі.

🔰Сонымен қатар, Райкүл Ермекова қоғамдық және спорттық шараларға белсене қатысып, жан-жақтылығымен ерекшеленуде. Оның кәсіби өсу жолы – үздіксіз ізденіс пен еңбекқорлықтың жарқын үлгісі. Осындай талапты да талантты жас ұстаздың жетістіктері «Жас келсе – іске» деген қанатты сөздің өміршеңдігін дәлелдей түседі…

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности