+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАС ДАРЫНДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕГЕН ШЕБЕР ҰСТАЗ
Новости территориальных организаций 02 июля 2025

ЖАС ДАРЫНДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕГЕН ШЕБЕР ҰСТАЗ

ЖАС ДАРЫНДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕГЕН ШЕБЕР ҰСТАЗ

ЖАС ДАРЫНДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕГЕН ШЕБЕР ҰСТАЗ ⚜️Жуырда Солтүстік Македонияның Струга қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы математикадан Балқан олимпиадасында (JBMO) еліміздің жас дарындары халықаралық деңгейде білімдерін сынап, лайықты нәтижелер көрсетті. Бұл байрақты бәсекеде…

ЖАС ДАРЫНДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕГЕН ШЕБЕР ҰСТАЗ

⚜️Жуырда Солтүстік Македонияның Струга қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы математикадан Балқан олимпиадасында (JBMO) еліміздің жас дарындары халықаралық деңгейде білімдерін сынап, лайықты нәтижелер көрсетті. Бұл байрақты бәсекеде Ақтөбе облыстық мамандандырылған “Білім-инновация” лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Мәлік Нұртай күміс медаль иеленіп, Қазақстанның абыройын асқақтатты. Осы жетістікке жетуіне бағыт-бағдар беріп, табанды еңбек еткен жетекшісі — Сәбитов Аян Баянбекұлы.
 
🧠 Аян Баянбекұлы — математика пәнінің үздік маманы, қазіргі таңда Ақтөбе облыстық мамандандырылған “Білім-инновация” лицей-интернаты директорының орынбасары, әрі математика пәні мұғалімі. Математика магистрі, жоғары кәсіби санаты — педагог-шебер. Ұстаздық жолында 21 жыл еңбек еткен тәжірибелі маман талай шәкіртке бағыт-бағдар беріп, биік белестерді бағындыруға жол ашты.
 
📊 2012–2025 жылдар аралығында Аян Баянбекұлының жетекшілігімен 36 оқушы республикалық олимпиадалардың жеңімпазы атанған. Бұл — жемісті еңбектің нәтижесі. Атап айтсақ, 2023 жылы Албанияның Тирана қаласында өткен JBMO олимпиадасында шәкірттері Мырзабек Серік пен Кеңшілік Ерқанат күміс медаль иеленсе, 2024–2025 оқу жылындағы республикалық пәндік олимпиадада Мырзабек Серік, Кеңшілік Ерқанат және Мәлік Нұртай алтын, Ернар Арнат пен Жақсылық Шерхан  қола медаль иеленіп, зор жетістікке жетті.
 
📚 Аян Сәбитов — жай ғана білім беріп қана қоймай, әр шәкірттің қабілетін танып, оны жүйелі дамыту арқылы биікке жетелейтін шын мәніндегі өз ісінің шебері. Оның шәкірттері бүгінде ел намысын халықаралық деңгейде қорғап жүргені — ұстаз еңбегінің жарқын жемісі.
 
📚Жас ұрпаққа сапалы білім беріп, оларды ғылым жолына бағыттап келе жатқан Сәбитов Аян Баянбекұлындай ұстаздар еліміздің интеллектуалдық болашағының тірегі.
 
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы

ЖАС ДАРЫНДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕГЕН ШЕБЕР ҰСТАЗ
ЖАС ДАРЫНДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕГЕН ШЕБЕР ҰСТАЗ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности