+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
Новости территориальных организаций 22 июня 2026

ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ Еңбек жолын жаңадан бастаған жас мамандардың білім беру саласындағы орны ерекше. Олар жаңа идеяларымен, заманауи көзқарастарымен және шығармашылық ізденістерімен ерекшеленеді. ​ Бүгінгі күні осындай талапқа сай, өз ісіне жауапкершілікпен…

ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

Еңбек жолын жаңадан бастаған жас мамандардың білім беру саласындағы орны ерекше. Олар жаңа идеяларымен, заманауи көзқарастарымен және шығармашылық ізденістерімен ерекшеленеді. ​

Бүгінгі күні осындай талапқа сай, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын жас ұстаздардың бірі – Аманжол Әсемгүл Қуанышбекқызы.

Ол 2002 жылдың 13 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Баймырза ауылында дүниеге келген. 2019 жылы Бестерек орта мектебін аяқтап, сол жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне оқуға түсті. 2019–2023 жылдар аралығында физика-информатика мамандығы бойынша білім алып, болашақ педагог ретінде кәсіби даярлықтан өтті. Жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін, 2023 жылы өзінің еңбек жолын Ақжар ауданы №2 Ленинград орта мектебінде физика-информатика пәнінің мұғалімі болып бастады.

​Жас маман қызметінің алғашқы күндерінен бастап оқушылардың сапалы білім алуына ерекше көңіл бөліп келеді. Сабақ барысында заманауи білім беру технологияларын тиімді пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға күш салады. Оның басты мақсаты – әрбір оқушының қабілетін ашып, білімге деген ынтасын қалыптастыру. Ұстаз еңбегінің нәтижесі шәкірттерінің жетістіктерінен анық байқалады.

​Қазіргі таңда ұстаз білім беру саласында табысты еңбек етіп, жас ұрпақтың сапалы білім алуына өз үлесін қосуда. Ол оқушылардың тек білім деңгейін арттыруды ғана емес, олардың жан-жақты дамуына да ерекше мән береді. Өз ісіне адалдықпен қарап, кәсіби біліктілігін үздіксіз жетілдіріп жүрген жас маманның еңбегі әріптестері мен шәкірттері арасында жоғары бағаланады.

Ұстаздық – үлкен жауапкершілікті, үздіксіз ізденісті және шынайы жанашырлықты талап ететін мамандық. Білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ететін педагогтер қоғамның дамуына зор үлес қосады. Бүгінгі жас ұстаздардың жаңашылдығы мен шығармашылығы білім беру жүйесінің дамуына серпін беріп, болашақтың берік іргетасын қалайды. ​

Сондықтан әрбір ұстаздың еңбегі қашанда құрметке лайық, ал олардың шәкірт тәрбиелеудегі табыстары ел болашағының жарқын болуына қызмет етеді.

​

Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности