+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ
Новости территориальных организаций 28 июля 2026

ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ

ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ

ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ Ел болашағы – бүгінгі бүлдіршіндердің қолында. Ал сол бүлдіршіндердің бойына ізгілік пен білімнің алғашқы дәнін себетін жандар – тәрбиешілер. Осындай абыройлы мамандықты жүрек қалауымен таңдап, саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнап келе жатқан жанның бірі –…

ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ

Ел болашағы – бүгінгі бүлдіршіндердің қолында. Ал сол бүлдіршіндердің бойына ізгілік пен білімнің алғашқы дәнін себетін жандар – тәрбиешілер. Осындай абыройлы мамандықты жүрек қалауымен таңдап, саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнап келе жатқан жанның бірі – Сүлейменова Базаркүл Мәлікқызы.

Сүлейменова Базаркүл Мәлікқызы 1967 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Еңбек ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда №7 «Шұғыла» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші қызметін абыроймен атқарып келеді. Ол еңбек жолында кәсіби шеберлігімен, шығармашылық ізденісімен және балаға деген ерекше жанашырлығымен әріптестері мен ата-аналардың құрметіне бөленген білікті маман.

Көп жылғы тынымсыз еңбегінің нәтижесінде аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі кәсіби байқауларда жоғары жетістіктерге жетіп келеді. 2024–2025 оқу жылында өткен «Үздік педагог» аудандық байқауында «Шығармашыл педагог» номинациясын иеленуі – оның кәсіби ізденісі мен жаңашылдығының айқын көрінісі.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Әсемпаз болма әрнеге» республикалық байқауында тәрбиеленушісі ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар «Қазақшаң қалай, балақай?» аудандық байқауында І орынды, облыстық кезеңінде ІІІ орынды иеленіп, балабақша мерейін үстем етті. Тәрбиешінің шәкірттері түрлі деңгейдегі Абай оқуларына тұрақты қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеді. Бұл – ұстаз еңбегінің нақты нәтижесі.

2025 жылы оның «Мектеп жасына дейінгі балаларды логикалық ойындар арқылы дамыту» атты авторлық бағдарламасының жарық көруі де кәсіби тәжірибесінің жемісті жемісі болды. Бағдарлама мектепке дейінгі білім беру саласында балалардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталған тиімді әдістемелік еңбек ретінде бағаланды.

Базаркүл Мәлікқызы өз қызметінде әр баланың жеке ерекшелігі мен қызығушылығын ескеріп, олардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Заманауи білім беру технологияларын ұтымды пайдалана отырып, тәрбиеленушілердің бойына адамгершілік, отансүйгіштік, еңбекқорлық, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты ұлттық құндылықтарды сіңіруге бар күш-жігерін жұмсайды.

Әріптестері оны жауапкершілігі жоғары, ізденімпаз, жаңашыл әрі тәжірибесі мол педагог ретінде бағалайды. Ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, бала тәрбиесіндегі ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беруі – оның кәсіби ұстанымының маңызды бөлігі.

Балалардың әрбір қуанышы мен жетістігін өз жетістігіндей қабылдайтын Базаркүл Мәлікқызы педагогикалық шеберлігін үздіксіз жетілдіріп, жас ұрпақтың саналы, білімді, тәрбиелі болып қалыптасуына өлшеусіз үлес қосып келеді.

Еңбекпен келген абырой – ең биік марапат. Осындай адал еңбегімен көпке үлгі болып жүрген Сүлейменова Базаркүл Мәлікқызы – мейірім мен тәрбиенің шамшырағы, балалар әлемінің жанашыры, өз ісінің нағыз майталманы. Оның өнегелі еңбек жолы жас мамандарға үлгі, ал шәкірттерінің жетістігі – ұстаз еңбегінің ең үлкен жемісі.

 

Қызылорда облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности