+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ
Новости территориальных организаций 13 августа 2025

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ 2025-2026 жаңа оқу жылының қарсаңында Қызылорда облысының Қармақшы, Жалағаш және Сырдария аудандарында 11–13 тамыз күндері бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған көшпелі семинар өтті. Бұл семинар кәсіподақ қызметінің жаңа…

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

2025-2026 жаңа оқу жылының қарсаңында Қызылорда облысының Қармақшы, Жалағаш және Сырдария аудандарында 11–13 тамыз күндері бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған көшпелі семинар өтті.

Бұл семинар кәсіподақ қызметінің жаңа деңгейге көтерілуіне, төрағалар арасында тәжірибе алмасуға және кәсіподақтың әлеуметтік маңызын арттыруға бағытталған алаң болды.

Семинар жұмысы кәсіподақ комитетінің төрағасы Есқалиева Гүлнар Бабабекқызының мазмұнды баяндамасымен басталды. Ол 2025–2026 жаңа оқу жылы қарсаңында кәсіподақ ұйымдарының алдында тұрған басым бағыттарға тоқталып, өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарға кеңінен талдау жасады. Сонымен қатар, бастауыш ұйым төрағаларына нақты ұсыныстар мен бағыт-бағдар берді.

Аудандық комитет төрағалары кәсіподақтың жергілікті жерлердегі рөлі, қызмет барысындағы өзекті мәселелер мен жетістіктер туралы баяндап, алдағы жоспарларын ортаға салды.

Семинардың практикалық бөлігінде кәсіподақ ұйымының қызметін жан-жақты дамытуға арналған баяндамалар ұсынылды:

▪️ «Бастауыш кәсіподақ ұйымының тиімді жұмысы: төрағаның рөлі мен міндеттері» тақырыбында облыстық кәсіподақ комитеті төраға орынбасары Нұргүл Сабырқызы баяндама жасап, кәсіподақ төрағасының көшбасшылық қабілеті, бастамашылдығы мен құқықтық жауапкершілігі жайлы нақты мысалдармен бөлісті.

▪️ «Еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік және ұжымдық қатынастар» тақырыбында комитеттің заңгері Хамит Мұратұлы сөз алып, еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен кәсіподақтың қызметтік құқықтық негіздерін жан-жақты түсіндірді.

▪️ «Кәсіподақтың рөлі әлеуметтік желіде» тақырыбында комитет маманы Асылбек Рахметұлы қазіргі ақпараттық заманда кәсіподақ ұйымының имиджін қалыптастыру, жұртшылықпен ашық байланыс орнату мен цифрлық сауаттылықты арттыру жолдарын ұсынды.

Семинар барысында қатысушылар:

• кәсіподақ жұмысын тиімді жоспарлау әдістерімен танысты;

• құқықтық сауаттылықтарын арттырды;

• кәсіби қарым-қатынас орнату жолдарын меңгерді;

• бір-бірімен өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Көшпелі семинар бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары үшін тек оқыту алаңы ғана емес, сонымен қатар кәсіби ынтымақтастықтың, жаңашыл идеялар мен нақты тәжірибелердің ортақ алаңы болды.

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности