+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › «ЖАҢА БЕЛЕСТЕГІ ЖАСТАР» ФОРУМЫ
Новости территориальных организаций 23 апреля 2025

«ЖАҢА БЕЛЕСТЕГІ ЖАСТАР» ФОРУМЫ

«ЖАҢА БЕЛЕСТЕГІ ЖАСТАР» ФОРУМЫ

«ЖАҢА БЕЛЕСТЕГІ ЖАСТАР» ФОРУМЫ Бүгінгі қоғамның қозғаушы күші саналатын жастардың белсенділігін арттыру, олардың қоғамдық өмірге араласуын қолдау – еліміздің басты мақсаттарының бірі. Осы орайда Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен ұйымдастырылған «Жаңа…

«ЖАҢА БЕЛЕСТЕГІ ЖАСТАР» ФОРУМЫ

Бүгінгі қоғамның қозғаушы күші саналатын жастардың белсенділігін арттыру, олардың қоғамдық өмірге араласуын қолдау – еліміздің басты мақсаттарының бірі. Осы орайда Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен ұйымдастырылған «Жаңа белестегі жастар» тақырыбындағы форум өңір жастарының басын қосқан маңызды әрі мазмұнды басқосу болды.

🌟Форумда Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының маманы Айжарық Серімбетов сөз сөйлеп, жас кәсіподақ мүшелеріне жүрекжарды лебізін білдірді. Ол өз сөзінде кәсіподақ ұйымдарының жастармен жұмыс істеуіндегі маңыздылығына тоқталып, олардың жаңашыл, белсенді болуы қажет екенін атап өтті.

- Жастар – ел ертеңі, кәсіподақтың болашағы. Бүгінгі таңда еңбек адамын қорғап, оның құқықтары мен мүддесін қорғау жолында кәсіподақ ұйымдары үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Осы жолда Сіздердің, яғни жас кәсіподақ мүшелерінің белсенділігі аса маңызды. Биыл еліміздің білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының құрылғанына 100 жыл толып отыр. Бұл – тарих пен бүгінгі буынның сабақтастығын көрсететін маңызды белес. Жүз жылдық жол – Сіздердей жалынды жастар арқылы жалғасады. Өздеріңізді жан-жақты дамытыңыздар, ортада өз орныңызды таба біліңіздер. Алға қойған мақсаттарыңыз айқын, ұстанымдарыңыз берік болсын! – деді Айжарық Серімбетов.

🏔️Сөз соңында А.Серімбетов облыстық спартакиаданың жеңімпаздарына Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымының атынан Бурабай өңіріне тарихи-танымдық саяхатқа жолдама мен облыстық білім басқармасы және кәсіподақ ұйымының бірлескен Алғыс хатын табыстады. Бұл – жас спортшыларға үлкен серпін берген қуанышты сәттердің бірі болды.

🪵 «Аққұм-Сағыз» демалыс орнындағы шарада қатысушыларға арналған этнотимбилдинг ұйымдастырылды. Форум аясында жиналған жастар арнайы ұйымдастырылған бағдарламаларға белсенді қатысып, төрт топқа бөлінді. Әр топ ұлттық дәстүріміздің ажырамас бөлігі болып табылатын ойындар мен қызықты топтық тапсырмалар арқылы ұйымшылдық пен топ ішіндегі ынтымақтастықты арттырып, көшбасшылық қабілеттерін жан-жақты танытуға мүмкіндік алды. Қатысушылар “Аламан”, “Бәйге”, “Дода”, “Мерген”, “Арқан тартыс” сияқты ұлттық рухты көтеретін сайыстарда өзара бақ сынасып, шапшаңдық, ептілік пен бірлік секілді қасиеттерді дәріптеді.

🖇️Форум қорытындысында жеңімпаз командаларды аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Сәндібай Дербісов арнайы марапаттады. Шарада белсенділік танытқан жастар облыстық кәсіподақ ұйымы төрағасының Алғыс хатымен марапатталса, форумға қатысқан кәсіподақ мүшелері аудандық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттармен бірге тарихи-танымдық саяхатқа жолдаманы иеленді.

📌Айта кетейік, шараны Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесі салалық кәсіподақтың жүз жылдығына орай ұйымдастырды.

📍Бұл форум – тек басқосу емес, жас кәсіподақшылардың әлеуетін танытқан, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік берген маңызды алаң болды. Мұндай іс-шаралар жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып қана қоймай, кәсіподақ ұйымының мақсат-міндеттерімен жақынырақ танысуына жол ашады.

✏️«Жаңа белестегі жастар» форумы - бірліктің, ұрпақ сабақтастығының, жаңашылдыққа ұмтылған жастардың ортақ жеңісі. Бұл бастама болашақта да өз жалғасын тауып, жас кәсіподақ мүшелері үшін шабыт көзіне айналары сөзсіз.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности