+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАМБЫЛДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Новости территориальных организаций 03 марта 2026

ЖАМБЫЛДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАМБЫЛДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАМБЫЛДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының мәжіліс залында Жаңа Конституция нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өтті. Ашық форматта өткен кездесуге облыстық ұйым аппараты, Филиал…

ЖАМБЫЛДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының мәжіліс залында Жаңа Конституция нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өтті. Ашық форматта өткен кездесуге облыстық ұйым аппараты, Филиал жетекшілері мен бастауыш ұйым төрағалары, «Еңбекші» салалық газетінің редакциясы мен «Турист» қонақ үй кешенінің қызметкерлері қатысты. Жиында Жаңа Конституция жобасының негізгі баптары мен алдағы конституциялық өзгерістердің басты бағыттары таныстырылды.

Алғашқы болып сөз алған Жергілікті кәсіподақ төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ерұлан Мағзымбеков әрқайсымыздың алдымызда жауапты міндет тұрғанын, оған бей-жай қарауға болмайтынын айтты.

- Әрқайсымыздың алдымызда жауапты таңдау тұр. Конституция мәтінімен танысып, шешімді саналы түрде қабылдау әр азаматтың парызы. Себебі, елдің қай бағытпен дамитыны, қоғамның қалай өзгеретіні біздің даусымызға байланысты. Өздеріңіз білесіздер, 15 наурызда Жаңа Конституция бойынша референдум өтеді. Бұл әрқайсымыздың мемлекеттік маңызы бар мәселелерге атсалысып, өз ұстанымымызды білдіру мүмкіндігі, - деді Кәсіподақ төрағасы.

Сондай-ақ, ол Ата заңның жаңа редакциясындағы адам құқықтарын қорғау, еңбек нарығын дамыту, адам капиталын нығайтуға қатысты нормаларына кеңінен тоқталды.

- Конституция - кез келген заңнан жоғары тұрады. Жаңа жобада адамның қадірі мен құқығы ең жоғары құндылық деп нақты көрсетілген. Бұл дегеніміз реформа ең алдымен әр адамның өмірін жақсартады деген сөз. Заңда еңбек ету құқығы, қауіпсіз жұмыс орны және лайықты жалақы алу құқығы айтылған. Бұл еңбек жағдайлары ең жоғары деңгейде, яғни Конституцияда бекітіледі деген сөз, - деді Ерұлан Сәбенұлы.

Кездесу барысында заңдылық, әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын нығайту және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар туралы да түсіндірілді. Жиын соңында сала өкілдері конституциялық реформаны қолдайтындықтарын айтып, бұл бастамалар еліміздің орнықты дамуына ықпал ететін маңызды қадам болатынына сенім білдірді.

 

Жамбыл облыстық ұйымы

ЖАМБЫЛДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
ЖАМБЫЛДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
ЖАМБЫЛДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности