+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАМБЫЛДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Новости территориальных организаций 25 ноября 2025

ЖАМБЫЛДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ЖАМБЫЛДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ЖАМБЫЛДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ Жамбыл облысында әйелдердің құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдағы рөлін күшейту мәселелеріне арналған маңызды басқосу өтті. «Білімді әйел – берік қоғам» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстел 25 қараша – Әйелдерге…

ЖАМБЫЛДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Жамбыл облысында әйелдердің құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдағы рөлін күшейту мәселелеріне арналған маңызды басқосу өтті. «Білімді әйел – берік қоғам» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстел 25 қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні мен 10 желтоқсан – Адам құқықтары күніне дейінгі аралықты қамтитын 16 күндік белсенді іс-қимыл акциясы аясында өткізілді.

Шараны Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымы ұйымдастырып, әйелдердің құқықтық қорғалуы мен еңбек қауіпсіздігін талқылауды басты мақсат етті. Басқосуға Салалық кәсіподақ өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, Отбасын қолдау орталығының басшылығы, еңбек инспекциясының мамандары, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жауапты құзырлы органдардың қызметкерлері және облыстық еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.

Дөңгелек үстелде Халықаралық еңбек ұйымының №190 «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысымды жою туралы» конвенциясының негізгі талаптары кеңінен талқыланды. Сарапшылар аталған құжаттың маңызын атап өтіп, оның әрбір қызметкер үшін қауіпсіз, қорғалған және зорлық-зомбылықтан ада еңбек ортасын қалыптастыруға бағытталғанын жеткізді. Конвенцияның басты ұстанымдарының бірі – гендерлік сипаттағы кез келген зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік көрсету. Бұл қағида қоғамның барлық саласында әйелдердің құқығы мен қадір-қасиетін қорғауға зор үлесін тигізеді.

Кездесу барысында қатысушылар өңірдегі әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырудың жолдарын қарастырды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған тиімді тетіктер, жұмыс орындарында қауіпсіз және қолайлы атмосфера қалыптастырудың маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тұрғындарды 16 күндік халықаралық акцияға белсенді қатысуға шақырып, қоғамда зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениетті нығайту қажеттігін атап өтті.

«Білімді әйел – берік қоғам» бастамасы әйелдердің әлеуметтік мәртебесін көтеруге, олардың қоғам өміріндегі орнын күшейтуге және аймақтағы гендерлік саясаттың сапалы жүзеге асуына өз ықпалын тигізуде. Жиналған мамандар алдағы уақытта да бірлескен жұмыс жалғасатынын, әйелдер мен қыздардың құқығын қорғауға бағытталған шаралардың жүйелі түрде жүргізілетінін жеткізді.

#16күндікАкция #БілімдіӘйелБерікҚоғам #ILO190 #ЗорлықЗомбылықЖоқ #ЖамбылОблысы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности