+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Новости территориальных организаций 28 декабря 2025

ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Атқару комитетінің жылдық қорытынды отырысы өтті. Жиынды кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков ашып, жыл ішінде атқарылған жұмыстарға тоқтала…

ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Атқару комитетінің жылдық қорытынды отырысы өтті. Жиынды кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков ашып, жыл ішінде атқарылған жұмыстарға тоқтала келе, күн тәртібіне қойылған сұрақтармен таныстырды.

Алғашқы мәселе – Байзақ және Мойынқұм аудандық филиалдарының әлеуметтік әріптестікті жетілдіру жұмысының жағдайы туралы Төраға орынбасары Жанболат Орынбеков баяндама жасап, аталған аудандарда жүргізілген зерделеу аясында Ұжымдық шарттың орындалу барысы, Келісу комиссиясының және арыз-шағымдарға жауап беру жұмыстары мен әлеуметтік әріптестік қатынастарын жақсарту жайы талқыланды.

Ал, облыстық Бақылау-тексеру комиссиясының мүшесі, Кәсіподақтың Жамбыл аудандық филиалының төрағасы Ержан Шалимбетов кәсіподақтың Шу аудандық филиалындағы кәсіподақ жарналарының жиналуы мен бухгалтерлік есептің жүргізілу барысы бойынша тексеру қорытындысын баян етсе, Келісу комиссиясының мүшесі Ақжүніс Құрмашева Жамбыл аудандық ұйымындағы бухгалтерлік есептің жүргізілуі бойынша әдістемелік көмек беру нәтижесімен таныстырды. Тексеріс барысында анықталған жағдайларды сараптай отырып, жиын төрағасы зерделеу жұмысы көрсеткендей аталған аудандарға қаржылық сауаттылықты арттыруды тапсырды.

Осыдан кейін кәсіподақтың құқықтық еңбек инспекторлары Ғазиз Оспанов, Тимур Оразбаев пен Жасұлан Салқынбеков 2025 жылы атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді. Ғазиз Оспановтың есебіне сәйкес қоғамдық бақылау аясында Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы бойынша барлығы 55 тексеру жүргізіліп, 126 заңбұзушылық анықталған. Ал Жасұлан Салқынбековтың мәліметінше Талас ауданының білім беру ұйымдарында 55 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 331 заңбұзушылық анықталған. Кәсіподақ мүшелеріне 419 құқықтық қызмет көрсетілген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде кәсіподақ мүшелеріне келтірілген экономикалық әсер көлемі 8 935 027 теңгені құраған.

Т.Рысқұлов ауданы бойынша Тимур Оразбаев әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің орындалуын бақылау мақсатында 50 жоспарлы тексеру жүргізген. Тексеру барысында 201 заңбұзушылық анықталып, оларды жою бойынша 50 ұсыныс беріліп, оның 46-ы бойынша жауап алынған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде кәсіподақ мүшелерінің пайдасына экономикалық тиімділіктің жалпы сомасы 14 070 601 теңгені құраған.

Алқалы жиын барысында бұдан бөлек Жергілікті кәсіподақтың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары және сауықтыру мен жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша жоспардың жобалары таныстырылып, әр сұрақ бойынша Қаулы қабылданды.

 

Жамбыл облыстық ұйымы

ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности