+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Новости территориальных организаций 25 марта 2026

ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті. Жиынды кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков ашып, жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, күн…

ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті. Жиынды кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков ашып, жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша республикалық салалық кәсіподақ Атқару комитетінің ақпан айында өткен мәжілісінің материалдарына шолу жасалып, қабылданған шешімдерді іске асыру міндеттері қаралды. Аталған мәселе бойынша төраға орынбасары Жанболат Орынбеков баяндама жасап, республикалық деңгейде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, облыстық, қалалық ұйымдардың қызметін бағалау рейтингісінің қорытындысы бойынша Жергілікті кәсіподақ ұйымы жүлделі үштіктің қатарынан көрінген.

– Республика бойынша оқу-ағарту, білім қызметкерлерінің салалық 22 ұйымы жұмыс істейді. Соның ішінде Жамбыл облысы екі жыл қатарынан І орынды иеленді. Бұл баршаңыздың ортақ еңбектеріңіздің нәтижесі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша үшінші орын берілді. Дегенмен, бұл көрсеткішті төмендеу деп қабылдауға болмайды. Керісінше, өңір филиалының әлі де мықты үштіктің қатарында екенін көрсетеді. Әрине, бірінші орын маңызды. Бірақ біздің басты мақсатымыз рейтинг емес, білім қызметкерлерінің құқықтарын қорғау бағытындағы нәтижелі жұмыс. Соған қарамастан, биыл алдыңғы позицияны қайтару үшін белсенділікті арттырып, жүйелі жұмыс жүргізуіміз қажет, – деді Ерұлан Сәбенұлы.

Келесі кезекте Мойынқұм ауданы бойынша құқықтық еңбек инспекторы Бекен Тилеужанов есеп берді. Одан кейін құқықтық инспекция басшысы Әлия Джолшибекова құқықтық еңбек инспекциясының 2025 жылғы атқарған жұмысына талдау жасады. Оның айтуынша, өткен жылы құқықтық қызметтің мамандарымен еңбек заңдылығының орындалуын бақылау бойынша 563 тексеру жүргізілген, ол тексерістің 454 жоспарлы, 109 жоспардан тыс тексеру. Тексеріс барысында қолданыстағы еңбек заңдылығының талаптарын бұзудың 1708 жағдайы анықталған. Таратып айтсақ, оның 201 еңбек ақы төлеуге, 117 жұмыс және демалыс уақытының режіміне, 627 еңбек қатынастарын рәсімдеуге, 30 тәртіптік шара қолдануға қатысты, ал 228 қауіпсіздік мәселелері бойынша, 251 ұжымдық шарт талаптарының орындалуы және басқа да 254 бұзушылықтар. Облыс аумағында білім беру мекемелерінде жүргізілген тексерулер нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша жасалған тоқтамдар және ұсыныстар саны 526, жұмыс берушілерден алынған жауап 417. Баяндамашы бұдан басқа да бағыттарға тоқталып, нақты көрсеткіштерге мән берді.

Алқалы жиын барысында филиал жетекшілері өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар, аудандарда Келісу комиссиясының жұмысын жетілдіру, бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен байланысты күшейту мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, кейбір құқықтық инспекторлардың жұмысына қатысты сын-ескертпелер де айтылды.

– Жергілікті кәсіподақ жұмысын ілгерілететін, нақты көмек көрсетіп, нәтижеге жеткізетін негізгі буын – құқықтық инспекторлар. Осы бағытта заңгерлерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Білім қызметкерлерінің еңбек қатынастарындағы құқықтарының қорғалуына тікелей құқықтық инспекторлар жауапты. Өткен кезеңде инспекторлардың жұмысы оң нәтиже көрсетті, – деді Ерұлан Сәбенұлы. Осыған орай ол құқықтық кеңес беру жұмысын одан әрі жетілдіруді тапсырды.

 

Жамбыл облыстық ұйымы.

ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
1 / 4
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности