+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІ ОТЫРЫСЫ Ө…
Новости территориальных организаций 26 мая 2025

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының кезекті Атқару комитетінің отырысында кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғау, қаржыны игеру, жазғы сауықтыру шараларын жоспарлау мен…

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының кезекті Атқару комитетінің отырысында кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғау, қаржыны игеру, жазғы сауықтыру шараларын жоспарлау мен басқа да ұйымдастыру шаралары бойынша мәселелер қаралды. Алқа отырысын Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков ашып, күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібіне шығарылған әрбір сұрақ жеке-жеке қаралып, талқыланды.

Алдымен облыстық ұйымның аппарат жетекшісі Бейбіт Бекназаров Астана қаласында Салалық кәсіподақ қозғалысының 100 жылдығына орай өткізілген «Ғасырлық тәжірибе: тарихтан тағылым – болашаққа бағдар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында қабылданған шешімдер мен тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, конференцияға өңірден 7 делегат қатысып, келелі жиынның маңызды шешімдерінің қабылдауына куә болған.

Бүгінгі күні Қазақстан кәсіподақтарының құрылғанына 120 жыл және Білім және ғылым салалық кәсіподағына 100 жыл толып отырғанына тоқталған Ерұлан Мағзымбеков кәсіподақта өзгермеген нәрсе, ол - Еңбек адамына деген көзқарас екенін атап өтті. «Өткен тарих кәсіподақтың өміршеңдігі мәңгі екенін көрсетті. Біздің міндет – сала өкілдерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау, яғни қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етіп, лайықты жалақы алуына мүмкіндік жасау», – деді Ерұлан Сәбенұлы.

Осыдан кейін сөз бас маман Сандуғаш Шымырқұловаға берілді. Ол жуырда өткен «Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары» атты білім және ғылым қызметкерлерінің ІХ облыстық кәсіподақтық спартакиадасының қорытындысы туралы баян етті. Баяндамашы іс-шараның ұйымдастырылу барысына талдау жасап, кейбір сәттерге ерекше тоқталды.

Бұдан кейін Қордай аудандық комитетінің кәсіподақтық мүшелік жарна жинау мен жұмсау, қаржылық тәртіп және есептілікті ұйымдастыру жұмысы туралы облыстық ұйымның бас есепшісі Гулия Акимбаева айтып өтті. Ал кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы өкілдерінің сауықтыру жоспарымен «Тараз-Профсоюз-Турист» ЖШС директоры Ақжүніс Құрмашева таныстырып, дайындық барысын баяндады. Оның айтуынша, биыл шипажайлар мен емдеу-сауықтыру орындарына 2300 сала өкілі-кәсіподақ мүшесіне кәсіподақтық жолдама берілген. Ал жыл басынан бері "Түркістан - тарихи астана" және "Ташкент-Самарқанд" бағыты бойынша 1000 аса жолдама игерілген. Алдағы жаз маусымында Алакөл жағалауында 500 аса, ал Ыстықкөлде 1100 сала өкілі мен олардың отбасы мүшесін сауықтырумен қамту жоспарланған.

Сондай-ақ, жиында төраға орынбасары Жанболат Орынбеков пен құқықтық инспекция жетекшісі Әлия Джолшибекова қаржылық талдаулар мен кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау бойынша атқарылған жұмыстарға тереңірек тоқталып, кеңірек талқылады. Барлық қаралған мәселелер бойынша Қаулы қабылданып, тиісті тапсырмалар берілді.

 

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности