+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЖАҢА ТӨРАҒА
Новости территориальных организаций 16 апреля 2025

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЖАҢА ТӨРАҒА

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЖАҢА ТӨРАҒА

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЖАҢА ТӨРАҒА Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының Жамбыл аудандық филиалының VII кезектен тыс сайлау Конференциясы өтті. Конференцияға аудандағы 39 білім мекемесі мен ұйымдарынан жолданған 78 сала өкілі…

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЖАҢА ТӨРАҒА

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының Жамбыл аудандық филиалының VII кезектен тыс сайлау Конференциясы өтті. Конференцияға аудандағы 39 білім мекемесі мен ұйымдарынан жолданған 78 сала өкілі делегат ретінде қатысты.

Жиынды Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков ашып, сайлау ережесімен, жарғылық талаптармен таныстырды. Төраға бастамасымен сайлау тәртібіне сәйкес редакциялық, мандат пен есеп комиссиялары, хатшылық құрамы жасақталды.

- Былтыр «Білім қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл аудандық комитеті» филиалы төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, төраға міндетін уақытша атқару бір қызметкерге жүктелген болатын. Одан бері 6 ай өтті. Сайлауды бұдан ерте өткізуге Жамбыл мен Байзақ аудандарына қарасты елді мекендердің Тараз қаласына қосылуы себеп болды. Мәселен, Жамбыл ауданындағы 6 округке қарасты 14 білім ошағы, жалпы саны 1375 кәсіподақ мүшесі Тараз қаласына ауысты. Сайлау талаптары үміткерлерге жан-жақты түсіндірілді. Менің ұстанған басты бағытым - сайлаудың әділ өтуі, - деді Ерұлан Сәбенұлы.

Делегаттар тарапынан төрағалыққа 6 кандидат ұсынылды. Оның 3-ін әріптестері ұсынса, 3 кандидат өзін-өзі ұсынды. Оның екеуі ер, қалғаны әйел. Барлығы да кәсіподақ мүшесі. Арасында филиал төрағасының міндетін атқарушыдан бастап аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, колледж оқытушысы, мектеп директорының орынбасары мен мұғалім де бар. Әрбір үміткер сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сайлаушылар көңілінен шығуға тырысты.

Жиын барысында сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Зәуре Абдрасилова сайлау барысында қандай шешім шықса да көпшілік таңдауына ие болған азаматпен ынтымақтасып, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Дауыс беру делегаттардың ұсынысымен жабық жағдайда өтті. Сайлау қорытындысында сайлаушылардың басым дауысын (43) жинаған филиалдың маманы, соңғы 6 ай мерзімде төраға міндетін уақытша атқарған Ержан Шәлімбетов сайланды. Сөйтіп, филиал төрағалығы Ержан Шәлімбетовке сеніп тапсырылды.

Жиын барысында басқа да мәселелер қаралып, Қаулы қабылданды.

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым жіне жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЖАҢА ТӨРАҒА
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЖАҢА ТӨРАҒА
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЖАҢА ТӨРАҒА
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности