+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › XV ФОРУМ ЕВРАЗИЙСКОГО МЕЖДУНАРОДНОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ П…
Новости 10 июля 2023

XV ФОРУМ ЕВРАЗИЙСКОГО МЕЖДУНАРОДНОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ ПРОФСОЮЗОВ ОБРАЗОВАНИЯ

XV ФОРУМ ЕВРАЗИЙСКОГО МЕЖДУНАРОДНОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ ПРОФСОЮЗОВ ОБРАЗОВАНИЯ

XV ФОРУМ ЕВРАЗИЙСКОГО МЕЖДУНАРОДНОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ ПРОФСОЮЗОВ ОБРАЗОВАНИЯ Түркістан қаласында өтіп жатқан Еуразиялық білім кәсіподақтары бірлестігінің XV форумының мәдени бағдарламасы аясында кеше форумға қатысушылар Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіне барып, түбі бір түркілер және…

XV ФОРУМ ЕВРАЗИЙСКОГО МЕЖДУНАРОДНОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ ПРОФСОЮЗОВ ОБРАЗОВАНИЯ

Түркістан қаласында өтіп жатқан Еуразиялық білім кәсіподақтары бірлестігінің XV форумының мәдени бағдарламасы аясында кеше форумға қатысушылар Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіне барып, түбі бір түркілер және қазақ хан-батырларының тарихымен танысты.

Шетелдік қонақтарға қазақ хандары мен батырларының шежіресі мен бауырлас елдердің ортақ мұрасы жайлы мол мағлұмат берілді. Түркі әлемінің тарихи астанасы – Түркістан шаһарының тарихы тереңірек таныстырылды.

Бүгін форумға қатысушылар Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болып, университеттің Мәдени орталығын, мұражайын тамашалады. Мәдени орталықта олар «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. ХVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» көрмесін тамашалады.

Түркия, Румыния, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Македония, Косово, Солтүстік Кипрден келген делегация басшыларын А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ректоры Ж.Темірбекова қабылдады. Ректор қонақтарға Университет тарихы мен даму бағыттары туралы айтып берді.

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы А.Мұқашева Түркістан жерінде өтіп жатқан UAЕSEB XV Форумы туралы баяндап, ректор Ж.Темірбековаға әріптестік үшін алғыс білдірді.

«Türk-Eğitim Sen» Түркия білім кәсіподақтары төрағасы Талип Гейлан Еуразиялық білім кәсіподақтары бірлестігінің (UAЕSEB) құрылу тарихы мен ұйымның міндет-мақсаттары туралы ақпарат берді.

Форумға қатысушылар бүгін сондай-ақ Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевпен кездесті, Салалық кәсіподақ төрағасы А.Мұқашева облыс әкімінің орынбасарына делегацияны таныстырып, Түркістан жерінде өтіп жатқан ауқымды шара жөнінде ақпарат берді. Еуразиялық білім кәсіподақтары бірлестігі туралы, сонымен қатар ұйымның мақсат-міндеттері туралы да әңгімеледі. Облыс әкімінің орынбасарына өңірдегі сала қызметкерлерінің түйткілді мәселелерін шешуде жергілікті атқарушы билік тарапынан көрсетілетін қолдау үшін алғысын жеткізді.

Өз кезегінде Бейсенбай Тәжібаев Еуразиялық кеңістіктегі білім саласының өзекті проблемалары мен педагог мүддесін қорғау бағытындағы кәсіподақтардың ортақ мәселелерін талқылауға Түркістан жеріне жиналған халықаралық форум қатысушыларына сәттілік, табыс тіледі.

XV ФОРУМ ЕВРАЗИЙСКОГО МЕЖДУНАРОДНОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ ПРОФСОЮЗОВ ОБРАЗОВАНИЯ
XV ФОРУМ ЕВРАЗИЙСКОГО МЕЖДУНАРОДНОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ ПРОФСОЮЗОВ ОБРАЗОВАНИЯ
XV ФОРУМ ЕВРАЗИЙСКОГО МЕЖДУНАРОДНОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ ПРОФСОЮЗОВ ОБРАЗОВАНИЯ
XV ФОРУМ ЕВРАЗИЙСКОГО МЕЖДУНАРОДНОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ ПРОФСОЮЗОВ ОБРАЗОВАНИЯ
XV ФОРУМ ЕВРАЗИЙСКОГО МЕЖДУНАРОДНОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ ПРОФСОЮЗОВ ОБРАЗОВАНИЯ
XV ФОРУМ ЕВРАЗИЙСКОГО МЕЖДУНАРОДНОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ ПРОФСОЮЗОВ ОБРАЗОВАНИЯ
XV ФОРУМ ЕВРАЗИЙСКОГО МЕЖДУНАРОДНОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ ПРОФСОЮЗОВ ОБРАЗОВАНИЯ
1 / 7
Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности