+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ВНЕОЧЕРЕДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТНОЙ ОРГА…
Новости 27 марта 2025

ВНЕОЧЕРЕДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТНОЙ ОРГАНИЗАЦИИ

ВНЕОЧЕРЕДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТНОЙ ОРГАНИЗАЦИИ

ВНЕОЧЕРЕДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТНОЙ ОРГАНИЗАЦИИ Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының кезектен тыс ХVІ Конференциясы өтті. Конференцияға Кәсіподақ филиалдары мен мүшелік ұйымдардан сайланған 128 делегат пен облыстық…

ВНЕОЧЕРЕДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТНОЙ ОРГАНИЗАЦИИ

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының кезектен тыс ХVІ Конференциясы өтті. Конференцияға Кәсіподақ филиалдары мен мүшелік ұйымдардан сайланған 128 делегат пен облыстық ұйым құрылтайшылығындағы шағын кәсіпорын басшылары, аппарат қызметкерлері мен мамандары қатысты. Алқалы жиынды Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіне қойылған алғашқы сұрақ – «Жергілікті кәсіподақтың Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» хабарламаны Жергілікті кәсіподақтың құқықтық қызмет басшысы Әлия Джолшибекова баян етті. Келесі – «Жергілікті кәсіподақтың М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті бастауыш кәсіподақ ұйымының мәртебесі туралы» сұрағы бойынша облыстық ұйым төрағасының орынбасары Жанболат Орынбеков хабарлама жасады. Аталған сұрақтарды қарап әрі талқылай келе Конференция облыстық ұйымның Жарғысы мен М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының Ережесін жаңа редакцияда қабылдап, Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткізуді шешті.

Бұдан соң Тараз қаласының шекарасына Жамбыл және Байзақ аудандарының жер бөлігін қосу жолымен Тараз қаласының шекарасын кеңейтуге байланысты аталған территориялардағы білім беру мекемелері мен ұйымдары, сәйкесінше ондағы бастауыш кәсіподақ ұйымдары мәртебесіндегі мүшелік ұйымдардың бағыныстылығын өзгерту немесе ауыстыру туралы мәселе қаралды.

Бұдан бөлек Конференция делегаттары өздеріне Жарғымен берілген құзырет бойынша өкілетті басқару және атқарушы органдардың, бақылау-тексеру органдарының құрамын жасақтап, өзгерістерді бекітті. Атап айтқанда, Жергілікті кәсіподақтың Бақылау-тексеру комиссиясының құрамы, Пленум және Атқару комитетінің құрамынан әртүрлі себептерге байланысты өкілдер кері шақырылып, орнына өзге кәсіподақ мүшелері жолданды.

Конференция жұмысының соңында күн тәртібіндегі соңғы мәселе - «Білім қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл аудандық комитеті» Филиалының кезектен тыс V сайлау конференциясын шақыру мәселесі қаралды.

Конференция қорытындысы бойынша барлық қаралған сұрақтар бойынша тиісті Қаулы қабылданып, олардың орындалуына бақылау жасау жөнінде тапсырмалар берілді.

Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков Конференцияға қатысушыларға алғысын білдіріп, қабылданған шешімдердің кәсіподақ жұмысын оңтайландыруға, білім беру саласының дамуы мен қызметкерлердің құқықтарын қорғауға оң әсерін тигізетініне сенім білдірді.

 

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

ВНЕОЧЕРЕДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТНОЙ ОРГАНИЗАЦИИ
ВНЕОЧЕРЕДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТНОЙ ОРГАНИЗАЦИИ
ВНЕОЧЕРЕДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТНОЙ ОРГАНИЗАЦИИ
ВНЕОЧЕРЕДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТНОЙ ОРГАНИЗАЦИИ
1 / 4
Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности