+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ДЕБАТ ТУРНИ…
Новости территориальных организаций 07 декабря 2025

V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ДЕБАТ ТУРНИРІ

V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ДЕБАТ ТУРНИРІ

V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ДЕБАТ ТУРНИРІ 2025 жылдың 3–4 желтоқсан күндері Атырау қаласында білім беру ұйымдары басшыларының V республикалық «Director’s CUP» дебат турнирі өтті. Биыл бес жылдық мерейтойын атап өткен бұл турнир игі дәстүрге айналып, ел тәуелсіздігі…

V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ДЕБАТ ТУРНИРІ

2025 жылдың 3–4 желтоқсан күндері Атырау қаласында білім беру ұйымдары басшыларының V республикалық «Director’s CUP» дебат турнирі өтті.

Биыл бес жылдық мерейтойын атап өткен бұл турнир игі дәстүрге айналып, ел тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында 12 аймақтан келген 24 мектеп директорын бір алаңға тоғыстырды. Қатысушылар АПФ және ЛД форматтарында жоғары деңгейдегі аргументациялық және басқарушылық ойлау қабілеттерін көрсетті, көрерменге жалынды эмоция сыйлады.

Турнирдің басты мақсаты — білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби көшбасшылық әлеуетін айқындау, басқарушылық құзыреттерін дамыту, зияткерлік мүмкіндіктерін кеңейту, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін арттыру, басқарушылық идеяларды талдауға деген аналитикалық көзқарасты жетілдіру және шығармашылық белсенділікті күшейту болды.

Атырау облысында, мектеп басшылары арасында республикалық деңгейде ұйымдастырылып, биыл V турнирін өткізіліп отырған бастама – Қазақстанның білім беру ұйымдары арасындағы алғашқы тың жобалардың бірі, бірегейі. Үш күнге созылған турнир аясында қатысушылардың тәжірибе алмасуына әрі кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталған шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Білім беру саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етіп, құқықтары мен мүдделерін қорғауды мақсат тұтатын «Атырау облысы Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі, ұлттық құндылықтар мен халықаралық білім стандарттарын ұштастырған, жаңашыл ұрпақты тәрбиелеп жатқан оқу ордасы - Zerdeli international school Atyrau, ағылшын тілін терең меңгерген және халықаралық аренада бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыратын заманауи мектеп - Farabi Atyrau International School мектептері дебат турнирінің жүзеге асуын қолдап, оның өрісін кеңеюіне, жоғары деңгейде өтуіне айрықша үлес қосып демеуші болды.

Турнир қорытындысы:

•III орын — Қызылорда облысының «Сыр дарыны» фракциясы мен Жамбыл облысының «Бауыржан Момышұлы» фракциясы өзара бөлісті.

•II орын — жергілікті «Үйшік» фракциясы иеленді.

•I орын (Жеңімпаз) — Шымкент қаласының «Ұлылар мекені» фракциясы болды.

Сонымен қатар «Үздік спикер» атағы да Шымкент қаласына бұйырды — бұл атақты Рахат Арғынбай иеленді.

Сөз додасының қорытынды жабылу салтанатына Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Марат Абуов қатысып, пікірсайыс алаңының маңыздылығын атап өтіп, турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады.

Сонымен қатар, турнир демеушілердің бірі – «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы қорытынды шараға қатысып, «ЛД финалисті» және «Үздік спикер» номинацияларының иегерлеріне арнайы марапаттар табыстап, демеушілік қолдау көрсетті.

Дебат турнирінің бес жылдық жолы оның тек зияткерлік сайыс қана емес, білім саласындағы кәсіби қауымдастықты біріктіретін, жаңа идеялар мен басқарушылық ойды дамытатын маңызды алаңға айналғанын көрсетті. Биылғы турнир де осы дәстүрдің өміршеңдігін айқындап, қатысушыларға тәжірибе алмасу, ой-өрісін кеңейту және жаңа серіктестік байланыстар орнату мүмкіндігін берді. «Director’s CUP» алдағы жылдары да өз миссиясын жалғастырып, білім беру саласындағы көшбасшылардың кәсіби дамуына серпін беретін маңызды алаң бола бермек.

 

Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности